Түркістан: «Құқықтық тәртіп» және сақтық шаралары

13 маусым, 15:26

Полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметінде заңнамаға енгізілген өзгерісті талқылаудан бастап, тұрғындарды түрлі сақтандыру шараларына үйретуге дейінгі жұмыстың бәрі қамтылады. Түркістан өңіріндегі тәртіп сақшыларының да әр күні осындай қарбаласта өтеді.

Заңнамадағы өзгерістер талқыланды

Түркістан облысының полиция департаментінде учаскелік полиция инспекторлары мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен Қылмыстық кодекстің жаңа нормалары шеңберінде қылмыстарды тергеуге дайындықты қамтамасыз ету және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Басқосуға Түркістан облысы Полиция департаменті облыстық Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Б.Дошманов, аға прокурорлар А. Айменова, Б. Сүйінбай және Е. Рүстембаев, Түркістан қаласы полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ Түркістан облысы ПД қалалық және аудандық полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарлары қатысты.
Кеңес барысында қатысушыларға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», оның ішінде ҚР ҚК, ҚПК және ӘҚБтК түсіндірілді.

Кеңеске қатысушылар ҚР ҚК-нің 108-1 «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және ҚР ҚК-нің 109-1 «ұрып-соғу» баптарында көзделген істерді тергеу кезіндегі қажетті дағдылармен танысты.

Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстарды тіркеу, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мәселелері талқыланды. Іс-шараның соңы полиция мен прокуратура өкілдерінің осы бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіруі және жандандыруы бойынша пікір алмасумен жалғасты.

«Қазығұртта «Құқықтық тәртіп» шарасы өтті

Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қадағалауымен аудан көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс шарасы өтті.

Жеке құрамнан 43 қызметкер жұмылдырылып, өткізілген шарада жалпы 264 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде автокөлікті мас хәлде басқарудың 3 дерегі, қарама қарсы бағытқа шығудың 1 дерегі, жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 3 дерегі анықталып, тиісті шара қолдану үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар аталған шара барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алуда бағытында түнгі топ құрылып, аудан көлемінде профилактикалық жұмыстар жүрігізілді.

Су мен оттан сақтану шаралары

Жазғы демалыс маусымы басталуына байланысты ордабасылық полицейлер Арыс өзені жағасындағы демалушыларға су мен өрт қауіптілігінің алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, рейдтік шаралар атқарылуда.

Тыйым салынған орындарға шомылған азаматтарға суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдары қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екендігін ескертті. Сондай-ақ тыйым салған орындарға шомылған тұрғындарға әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы — суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау. Тәртіп сақшылары су мен от тілсіз жау екенін естен шығармай, барынша сақ болуға шақырады.

Күн жылынып, шомылу маусымы басталғанда өзендер мен су қоймаларында шомылғысы келетіндердің саны артады. Осы кездері қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулерге қарамастан, судағы жазатайым оқиғалар, соның ішінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау және тыйым салынған жерлерде шомылу жайттары жиі кездеседі.

Осыған байланысты Арыс аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Арыс өзенінің жағасында, сондай-ақ шомылу үшін белгіленбеген жерлерде рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, тұрғындар арасында суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ақпараттандыру және түсіндіру, балаларды қарау және шомылу ережелерін қатаң сақтау бойынша жаднамалар таратылды. Полицейлер атап өткендей, мұндай іс-шаралар жаз маусымында суға бату мен адам өлімінің алдын алу мақсатында өткізіле беріледі.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек