jasqazaq.kz

Түркістан: «Құқықтық тәртіп» құқық бұзушылыққа жол бермейді

21 мамыр 2024, 14:08

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу – құқық қорғау органдарының күнделікті атқаратын қызметі. Дегенмен құқық бұзушылық пен қылмысқа жол бермеу үшін олардың алдын алу жұмыстары ұдайы жүргізілуі тиіс.

Осы орайда Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы М.Қабендовтің нұсқауына сәйкес, облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Сонымен қатар Түркістан өңірінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу талап етілді.

Осы бағытта Кентау қаласының полиция бөлімі, жастар орталығы, адами әлеуетті дамыту бөлімі, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссия мүшелері және мүдделі орган өкілдері қатысуда.

Іс шара барысында білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынушылық мінез құлқын қалыптастыру мақсатында 30-ға тарта мектеп пен 5 колледжде кездесулер мен семинарлар өткізілді.
Кездесу барысында, оқушыларға есірткі заттарының зардаптары мен қылмыстық жауапкершіліктері бойынша түсінбілді. Сонымен қатар өз-өзіне қол салу, ерте жүктілік деректерінің алдын алу мақсатында, Кентау қалалық №1 емхана қызметкерлерімен бірлескен жұмыстар атқарылды.

Ал Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ағымдағы жылдың басынан бері атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп берді.
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен жиынға құзырлы мекеме басшылары мен аудан аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.

Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, аудан полицейлерінің қылмыспен күресті күшейту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету нәтижесінде тіркелген құқық бұзушылықтардың саны 441-ден 356-ға төмендеген. Полиция басшысы өз баяндамасында алдағы уақытта да бұл жұмыстар жүйелі атқаралатындығын жеткізді.

Жиын соңында кездесуге қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұрғындар пікірі ортаға салынды. Сала басшылары тарапынан нақты жауаптар берілді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде