jasqazaq.kz

Түркістан: Құқық қорғау орындары «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асырып жатыр

11 сәуiр 2024, 18:22

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау орындарының «Заң және тәртіп» қағидатын ұстану қажеттігін айтқан болатын. Түркістан облысында осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Заң және тәртіп» қағидатын басшылыққа аясында азаматтық-патриоттық, саяси, рухани-адамгершілікті насихаттау, тарихи ескерткіштерді сақтау мәдени орындарда вандализмнің алдын алу мақсатында облыс аудандарында бірқатар кездесу ұйымдастырылды. Елімізде мемлекет қаржысына салынған нысандар мен қоғамдық орындарда тәртіпсіздік іс-әрекет пен құқық бұзушылық көрсеткіштері төмендеп келеді. Полиция қызметкерлері облыс аумағындағы қоғамдық орындарда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ортақ мүліктердің ұқыпты сақталуы, тұрғындарды осы іске тарту шаралары ұдайы жүргізіліп келеді.
Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері «Қауіпсіз қоғам» жобасы бойынша облыс жолдарын қараусыз жүрген төрт түлік малдан тазартуға атсалысты.

Үй жануарларының қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу, жайсыз оқиғаны болдырмау бағытындағы жұмыстар облыс полицейлерінің назарынан тыс қалған емес. Өйткені, тұрғындардың қараусыз қалған малы жол бойына шығып кетіп, көліктермен соқтығысып, оның соңы соңы қайғылы жағдайға әкеп соғып жатады.
Осындай келеңсіз жағдайларға тосқауыл қою мақсатында, Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар жолдардың жиегінде жайылып жүрген және жолдың қақ ортасына шығып кеткен малдарды айдап, жол бойын тазартумен айналысты.
Абаттандыру қағидаларын бұзу, үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен мал ұрлығының алдын алу мақсатында, қараусыз жүрген жануарларды арнайы оқшаулау орындарына жеткізіп қамау мәселесі де тәртіп сақшыларының жіті назарында.
Заң мен тәртіп талаптарын бұлжытпай орындау мәселесіне жіті мән беріп отырған Түркістан облысындағы тәртіп сақшылары бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да ойдағыдай атқарады деген сенім мол.

Мақпал Махаметқызы
Сурет: Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі