jasqazaq.kz

ТҮРКІСТАН: «ҚАЗЫҒҰРТ» БРЕНДІМЕН КІР САБЫН ӨНДІРІЛЕ БАСТАДЫ

08 қыркүйек 2023, 13:17

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай,  Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылдық округінің тұрғыны Айдос Сарыбай мемлекеттік бағдарламамен 1 млн. 300 мың теңге қайтарымсыз грант алып, кір сабын өндіретін жеке кәсібін ашқан.
Ол өз кәсібін бастау үшін Тараз қаласында сабынды өндірудің әдісін үйреніп, арнайы құрылғы сатып алған. Өндірістің басталғанына көп уақыт болмаса да өнімге деген сұраныс күн сайын артып келеді. Кәсіпкердің айтуынша, тәулігіне 1 мың данаға жуық кір сабын дайындалады. Қазіргі таңда 250 граммдық сабынның бір данасын 150 теңгеден саудалап отыр.
Айта кетсек, ауданда кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба аясында 2023 жылы жалпы 50 адам қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқан. Одан бөлек, «Ауыл аманаты» бағдарламасымен ауданда 73 жобаға 365 млн. теңге несие берілген.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі