jasqazaq.kz

Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» — қала тыныштығы күзетінде

10 сәуiр 2024, 13:17

Түркістан өңірінде қоғамдық тәртіптің сақталуына айрықша мән беріледі. Осы орайда «Түркістан — қауіпсіз қала» жобасының маңызы зор екенін айту керек. Полиция қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық тәртіптің сақталуына, қылмыстың алдын алуға күш салады. «Түркістан — қауіпсіз қала» жобасы басты үш бағытты қамтиды. Бірінші бағыт — қылмыс санын төмендету, екінші бағыт қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздесе, үшінші бағыт қоғамдық-саяси ахуалға әсер ететін мәселелерді шешуге бағытталады.

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков jasqazaq.kz сайтына «Қауіпсіз қоғам» жобасының жүзеге асырылуы жөнінде айтып берді.

7 тәулікте полиция123 қылмысты ашқан. Оның ішінде есірткіні заңсыз сақтау мен тасымалдауға байланысты 20 фактіні анықтады. Тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 2920 адам тексерілген.

Асылжан Қалдарбеков: «Жыл басынан 6323 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 202 дерегі заңсыз сауда фактісі бойынша тіркелді. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде 359 жасөспірімнің жалғыз-жарым жүргені анықталды. Жүргізушілердің мас күйінде автокөлікті басқаруының 10 фактісі тіркелді, жолдың қарама-қарсы бетіне шығудың 12 фактісі расталып, құқық бұзушыларға шара қолданылды. Бұрын сотталғандар мен ІІО-да есепте тұрған өзге де адамдардың заңды талаптарды орындауы назарға алынды», — деді.

«Қауіпсіз қоғам» жобасының басты мақсаты — қылмыс санын азайтумен қатар, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қаматамсыз ету, құқық бұзушылықты азайту. Сондай-ақ жобаны жастар арасында барынша насихаттау жағы да қалыс қалмайды. Алдағы уақытта жобаны жүзеге асыруда нақты шаралар жалғасын табады.

Мақпал Махаметқызы,
Түркістан облысы

Суреттер Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі