jasqazaq.kz

Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады

26 маусым 2025, 19:27

Түркістан облысының орталығы — Түркістан қаласы жылдан жылға көркейіп, инфрақұрылымы жақсарып келеді. Мұнда жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Жоспар бойынша, биыл 159 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бүгінге дейін 44,6 шақырымды құрайтын 41 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2024 жылы 47,1 шақырым жол ретке келтіріліп, қанағаттанарлық жолдардың үлесі 50,3 пайызға жеткен болатын. Биыл жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 66,7 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы брифингте сөйлеген сөзінде:
«Жалпы қалада инфрақұрылым саласында оң өзгерістер жетерлік. Бүгінгі таңда шаһардың кәріз жүйесімен қамтылу деңгейі – 36,5 пайыз, ал ауыз сумен қамтылуы 100 пайызды құрады. Электрмен қамту – 99,5 пайыз, табиғи газбен қамту – 98 пайыз деңгейінде. Бұл көрсеткіштерді жақсарта түсу мақсатында бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынуда», — деп атап өтті.
Жыл басынан бері қаланың жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрап, жан басына шаққанда 663,5 мың теңгеге жеткен. Өнеркәсіп саласында 40 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 25 млрд теңге, құрылыс жұмыстарының көлемі – 299,3 млрд теңге, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 434,6 мың шаршы метрді құрады. Сауда айналымы 157,9 млрд теңгеге жетсе, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 490 млрд теңгені құрады.
Сондай-ақ шаһардағы арнайы экономикалық аймақта 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар нәтижесінде 2956 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, ииндустриалдық аймақта 23 жоба іске асырылып, 961 адам жұмыспен қамтылды. Жоспарланған жобалар аясында шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен ірі кәсіпорындар құрылуда.
2025 жылдың алғашқы бес айында Түркістанға 1,1 млн турист келген. Шетелдік туристер саны 23,2 мың адамды құрады. Туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі 61,9 млрд теңгеге жетті. Қалада «Қолөнершілер қалашығы», «Күлтөбе қалашығы», аквапаркі бар қонақ үй кешені сынды туристік нысандардың құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, 2025 жылы 12 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 4 мектепте күрделі жөндеу, 7 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен 27 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана мен оңалту орталығының құрылысы қыза түскен.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста