jasqazaq.kz

Түркістан: Кентаудағы кадет сыныбына ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі берілді

10 мамыр 2024, 16:16

Жуырда Арыс қаласында кадет сыныбы ашылған болатын. Оған қызмет бабында қаза болған полиция капитаны Бибасар Отарбековтің есімі берілді.

Енді, міне, Түркістан облысында ерлікпен қаза тапқан полицейдің атына арналған тағы бір кадет сыныбы ашылды.

Жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу ісінде ардагерлерді үлгі тұтып, ел-жұртына адал қызмет еткен батыр тұлғаларға тағзым етудің маңызы зор.  Түркістан облысы Кентау қаласындағы Ә.Молдағулова атындағы №19 мектеп-лицейінде қызмет бабында мерт болған Рысбай Құдайбергенұлының құрметіне «Кадет сыныбы» ашылды.

Кадет сыныбының ашылу рәсіміне облыстық Полиция департаментінің тәрбие және кадр саясаты басқармасының бастығы М.Асқаров, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Тулепов, полиция полковнигі С.Үсіпбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Таңқыбаев пен Рысбай Құдайбергенұлының жұбайы Дариға ханым қатысты.

Іс-шарада бейбіт өмір жолында қылмыскерлер қолынан қаза болған полицей Рысбай Құдайбергенұлының өмір жолы, ерлігі, қызмет атқарған жылдары туралы деректер айтылды. Өз кезегінде кадет сыныбының алғашқы 32 мүшесі  Отанын қорғауға болуға, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытуға, қатарластары үшін ерліктің үлгісі болуға ант берді.

Өмірден ерте кеткен полицейдің ошағын сөндірмей отырған Дариға апай асыл жарын ұмытпай, үнемі жастарға дәріптеп, үлгі етіп отырған әріптестеріне алғысын білдірді.

Рысбай Құдайбергенұлы «Совет милициясының үздігі», «Қылмысты іздестіру қызметінің таңдаулы инспекторы» төс белгілерін кеудесіне таққан. Ол 1984 жылдың 9 шілдесінде шамасында «пәтерде төбелес болып жатыр» деген шақыру бойынша оқиға орнына шығып, осы операция барысында аса қауіпті қылмыскерлер қолынан оққа ұшып, қаза болған.

Қазіргі таңда Кентау қаласындағы бір көше ержүрек полицейдің есімімен аталады. Сондай-ақ ескерткіш тақта орнатылған.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі