jasqazaq.kz

Түркістан: Келестегі қайырымды жандар бір отбасына үй салып берді

31 мамыр 2023, 13:04

Қайырымдылық жасау – қазақтың қанында бар қасиет. Жоқ-жітікке қарасып, мүсәпір-міскінге жәрдемдесу – ежелден сіңген әдет. Қазіргі қым-қуыт заманда осындай игі дәстүр өміршеңдігін жойған жоқ.

Соның бір жарқын мысалын айта кетейік. Жуырда Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің түлектері бір отбасын қуанышқа бөледі.
1985-1986 жылғы ауыл азаматтары мектепті бітіргендеріне 20 жыл толуына орай осы игі істі бастауды жөн санап, тұрмысы төмен отбасына асарлатып үй салып берді. Үш бөлмелі тұрғын үйді салуға 40-қа жуық түлек атсалысыпты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жазғандай, қолы ашық, жомарт азаматтар 2003 жылы Лесбек батыр елді мекенінде орналасқан №39 Л.Жолдасов атындағы жалпы орта мектебін бітірген. Үйдің құрылысы биылғы жылдың сәуір айында басталып, мамыр айы бітпей жатып кілті баспанаға мұқтаж отбасына табысталды. Аяқ астынан үйлі болып, қуанышқа кенелген жандар Атымтай азаматтарға алғысын білдіріп, ақ тілектерін аяған жоқ.

Айдос Құсайынұлы

Фото – Түркістан облысы әкімдігі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі