jasqazaq.kz

Түркістан: Келес ауданында жастар саясаты әкімнің бақылауында

25 мамыр 2023, 16:38

Келес ауданындағы Жастар ресурстық орталығының мамандары жастарды жұмысқа ынталандыру, жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау бағытында кешенді шараларды қолға алған. Айталық, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту туралы» ұлттық жоба шеңберінде жастар арасында қажетті ақпараттар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен жиында аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Ташкенбай хабардар етті.

Орталық директоры жыл басынан бері өзі жетекшілік ететін мекеменің атқарған жұмыстары жайында баяндады.

Оның айтуынша, Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ аудан әкімі бекіткен жылдық жоспарына сәйкес, 10 бағыт бойынша жұмыс жүріп жатыр.Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту бағыты бойынша «Серпін-2050», «Әлем — білім», «Болашақ» мемлекеттік бағдарламары жастар арасында кеңінен түсіндірілді. Оған қоса, Келес ауданына қарасты ауыл және ауылдық округтерде салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы аудан жастарының өз болашағына дұрыс көзқарас қалыптастыруына ықпал ету, бұқаралық спорт түрлерін насихаттау мақсатында ұлттық спорт түрлері мен іс-шаралар ұйымдастырылды. NEET санатындағы жастарды қоғамға бейімдеу мақсатында қазіргі таңға дейін 7 түрлі спорттық және мәдени іс-шара ұйымдастырылып, ақпараттандыру жұмыстары жүргізілген.

Аппарат жиыны барысында Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы жастар саясатын жүйелендіру бағытында ширақ қимылдап, нақты шараларды атқаруды тапсырды. Жастар үшін тиімді бағдарламалардың бірі — 2,5 пайызбен несие рәсімдеуді түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Жоспарлы жұмыстарды жүйелеуге уақыт беріп, бұл істің өз бақылауында болатынын ескертті.

Айдос Құсайынұлы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде