jasqazaq.kz

Түркістан: Келес ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

24 мамыр 2024, 14:41

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу қарқын алып, соған орай Түркістан облысында да бірқатар шаралар қолға алынды.

Биылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңға қол қойған болатын. Жаңа заң әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны

күшейтуді көздейді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлім еткендей, жаңа заңға сәйкес, Келес ауданы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарылып келеді.
Қазіргі таңда «Отбасын қолдау» әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы қызмет секторының мамандарымен бірлесіп, Келес аудандық әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Э. Есенқұлова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жәбірленушілерге психологиялық көмектер, құқықтық кеңестер ұсынып, халыққа тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық танымдық жұмыстарын жүргізуде.
Ағымдағы жылдың басынан «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 20-бабының негізінде 80 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, отбасылық жанжалқойлардың бесеуіне қатысты аудандық соттың қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 46- бабы бойынша, сотқа материалдар жолданып, олардың мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талап белгіленіп, бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған қарамастан, қорғау нұсқамасы шығарылып, профилактикалық есепке алынған тұлғалардың арасында қайталап әкімшілік құқық бұзушылық жасау деректері тоқтар емес. Жоғарыда аталған деректер көрсеткендей, отбасылық жанжалдың туындау себептері әр түрлі болып келеді.
Сондықтан Келес аудандық полиция бөлімінің мамандары аудан тұрғындарына ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар аудан азаматтарына тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жаңа заңның сипаты түсіндіріліп, тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берілді. Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін ұшықтырып алмауды, уақытылы құқық қорғкау органдарына жүгінуді, дер кезінде көмек алуды, алдын алу шараларының отбасын сақтап қалуға септігін тигізетіні,н жіті түсіндірді. «Зорлық — түбі қорлық» демекші, зорлық-зомбылыққа жол бермеуді, азаматтарға өз құқығын қорғауды да айтып өтті.
Келес аудандық полиция бөлімінің мамандары жоғарыдағы мәселені алдағы уақытта да көтеріп, халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізетігнін айтты.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі