jasqazaq.kz

Түркістан: Келес ауданында «Қауіпсіз қоғам» профилактикалық іс-шарасы өтуде

20 мамыр 2024, 14:04


Түркістан облысы Келес ауданы аумағында мамыр айының 20-23 күндері аралығында «Автокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Түркістан облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, іс-шараның мақсаты — автокөлік ұрлығы мен айдап әкетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту. Айта кету керек, шара аясында автокөліктер ұрлығын және оларды айдап әкетушілерді ашу бойынша жедел-тергеу топтары құрылып, олардың күшімен күдікті адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру, арнайы іс-шаралар мен тергеу әрекеттер кешені жүргізіледі. Сондай-ақ, көлік құралдарын ұрлау және айдап әкетудің алдын алу, жолын кесу мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Келес ауданының полицейлері «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу профилактикасы» тақырыбында ауқымды шара өткізді. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Эльмира Есенқұлова мен Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Дастан Жамалов, №1 О.Есімов атындағы білім беру ұйымына арнайы барды. Мұнда полицейлер, мұғалімдер мен 9-10-11 сыныптың 150 оқушысын қатыстыра отырып, дәріс оқыды. Отбасындағы зорлық-зомбылық деректерін анықтау мақсатында, сауалнамалар жүргізді.

Сонымен қатар мектеп оқушыларына, отбасындағы зорлық-зомбылық ең маңызды әлеуметтік проблемалар қатарында екендігін, жасөспірімдердің қоғам, отбасы, ата-ана, бауыр, туған-туыс алдындағы жауапкершіліктерін, түрлі құқықбұзушылық, қылмыстарға бармауларының алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында, жоғарғы сынып оқушыларына туған-туысқандарыңыз, көршілеріңіз отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарына айналып, отбасында қандай да бір зорлық-зомбылық әрекеттерін көріп жатса, оларға заң аясында құқықтық көмек көрсетуге болатыны ескертілді. Оған қоса, кез келген қысым көрген тұрғынға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілетіні айтылды.
Аталған ауданда «Қауіпсіз қоғам» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы негізгі мақсат — жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру. Сондай-ақ автожолдарда қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, жол-көлік оқиғалары мен оның салдарының ауырлығын төмендетуге бағытталған жедел әсер тигізу рейдтік шараларын ұйымдастыру болып табылады.
Аталған іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін аудан, қалалық полиция басқарма, бөлімдерінің полицейлері қарқынды қызмет атқаруда. Келес ауданы ПБ-нің тәртіп сақшылары бұл шараға ерекше форматта өз үлестерін қосуда. Нақтырақ айтқанда, кәмелетке толмағандар арасында жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында, аудандағы білім беру мекемелеріне жасанды жол кедергілері мен жылдамдықты шектеу жол белгілері қойылды.
Осылайша Келес ауданының полицейлері жас көмекшілермен бірге жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қатысушылар арасында жолда жүру қауіпсіздігі жіне сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде