Түркістан: Кәсіптің көзін тапқан жастар

02 тамыз 2023, 13:51

«Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы  100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

«Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз» деп әлемге әйгілі ойшыл, философ Әбу Насыр әл Фараби айтқандай, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп, өрге өрлетіп келе жатқан жастардың қатары көбейгені қуантады. Қазіргі жастардың көзі ашық, көкірегі ояу. Олар мемлекеттік бағдарлама арқылы түрлі жобаларға қатысып, бизнес жоспарын қорғап, кәсіптің көзін табуда. Біз бүгін тілге тиек етейін деп отырған екі кейіпкеріміз Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламаға қатысып, кәсібін ашып, еңбектің бейнетін көріп отырған жастар. Арыстық Жанна Кемелбекова мен Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Шәуілдір ауылының тұрғыны Айдана Божбанбай кәсіп ашуының қыр-сырымен бөлісті.

Жанна Кемелбекова: «Жас кәсіпкер» жобасы бағымды ашты

Жанна Кемелбекова Түркістан облысы, Арыс қаласының тумасы. «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы қайтарымсыз грант алып, тігін цехын ашқан. Бүгінде жас кәсіпкер бес адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнымен тоқтамай, кәсібін кеңейткісі келеді.

«Орта мектепті аяқтағаннан кейін болашақ мамандығымды таңдау міндеті тұрды. Жастайымнан тігін тігуге  қатты қызығатынмын. Бәлкім, бала кезден қатты қызығатын ісім, мені  алға қарай жетелеген болар.  Сөйтіп 2019 жылы мен 18 жасымда тігін цехын ашуды ойластырып, осы бағытта көп іздендім. Қаламыздағы кәсіпкерлік басқармасынан «Жас кәсіпкер» жобасы туралы білдім. Осы жобаға жауапты тренер Жандос Әзімбай ағаймен танысып, көптеген мағұлмат алдым. Алғашында ауыл тұрғындары тапсырысымен үйде отырып қыздардың жасауы мен әсем өрнектелген құрақ көрпе, перде тігуден бастадым. Бірте-бірте ауылымызда автокөлік жапқыштарына сұраныс көп екендігін байқадым. Бұл қызығушылым табыс әкеле бастады. «Жас кәсіпкер» жобасы Арыс қаласында өткізілетіндігін естіп, қатты қуандым. Бұл арманыма бастаған алғашқы қадамым болды. Одан бөлек  елімізде «Жастар жылы» деп жарияланып, жас кәсіпкерлердің сенімін еселей түсті. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша қайтарымсыз грант игері атандым. Тігін цехына қажетті құралдар алып, кәсібімді бастап кеттім. Бүгінде шағын цехым 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жастарға арналған қолдау биыл да жүзеге асатынын естідім. Алдағы уақытта ассортиментті көбейтіп, цехты да үлкейту ойымда бар. Әрине, кәсіпкерлік болғаннан кейін түрлі қиындықтары қатар жүреді. Ең бастысы, тапсырыс бар, қаламыздың тұрғындары бір-бірінен естіп сапалы қызмет көрсеткенімізге үйреніп келеді. Біз жобаға алғаш қатысқан жылдары 59  жас өздерінің кәсіпкерлік жобаларын қорғаған болатын. Биыл өтініш білдіргендердің саны екі есе артты деп естідім. Әрине, бұл бізді қуантады. Кәсібін ашып, туған өлкесінің дамуына үлес қосып жатқан қатарластарымның  көбейгені жақсы.

Бүгінде Түркістан облысы бойынша жастарға арналған бағдарламаларды насихаттау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Арыс қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» мамандары түрлі кездесулер мен тренингтер өткізіп тұрады. Біз де өз тарапымыздан тәжірибемізбен бөлістік. Жастар жұмыс жоқ деп қол қусырып отырмауы керек. Жастардың дамуына, кәсібін ашуға мемлекет барынша қолдау көрсетуде. Сондықтан  қатарластарыма айтарым, мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, кәсібіңді ашып, ең алдымен отбасың мен айналаңа, туған өлкең мен еліңнің дамуына атсалысуың керек».

Айдана Божбанбай: Сүйікті ісім кәсібіме айналды

Шәуілдір ауылының тұрғыны, жас кәсіпкер Айдана Божбанбай «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша мемлекет тарапынан жастарға берілетін 1 млн 225 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, сұлулық салонында өз кәсібін дөңгелетуде.

«Бала кезімнен сұлулыққа құмармын. Маған шаш қиып, бетті әрлеу қатты ұнайтын. Әсіресе, шаштаразда жұмыс істейтін қыздарға қызығатынмын. Мектепті бітіргеннен кейін шаштараз, визажист маманын даярлайтын мықты мамандардан сабақ алдым. Одан бөлек, той мен түрлі мерекелерге таныстарымды бояндырып,  шаш үлгісін жасап пайда таба бастадым. Сұраныс арта бастағаннан кейін шағын сән салонын ашқым келді. Осы кезде таныстарымнан жастарды қолдауға арналған бағдарламалар туралы естідім. Аудандық кәсіпкерлік бөліміне келіп, құжаттарымды өткіздім.  Осылайша алғашқы қайтарымсыз грант алып, кәсібімді бастадым. Әзірге салонымда келушілерге өзім қызмет көрсетіп жатырмын. Алдағы уақытта  қасыма 1-2 маман алуды жоспарлап отырмын. Сән салоным бүгінде тек қыз-келіншектерге қызмет көрсетеді. Шаш қиюдан бөлек, тырнақ әрлеу, кірпік жалғау, макияж жасау сынды жұмыстарды да қатар жасай беремін. Жұмысым жандана түссе, ер адамдарға да қызмет көрсету бөлімін қоспақпын.  Алда жоспар көп. Ретімен жүзеге асса екен деймін. Жастарға жан-жақты қолдау болып жатқаны қуантады. Кәсіпкерлік бөлімде тек жастарға ғана емес, көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен басқа да әлеуметтік топтарға арналған бағдарламалардың барын білдім. Мемлекетіміз тек жастарды емес, барлық азаматтарды қолдауға әзір. Тек алға қойған бизнес жоспарыңыз айқын болуы керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей әр істі бастағанда ерінбеу керек. Мемлекет басшысы да жастарға барынша қолдау көрсетілетінін үнемі айтады. Меніңше, әрбір жас мамандығын адаспай тауып, сүйікті ісімен айналысатын болса, болашағы да жарқын болады. Қазір кәсіпті үйренемін десесің, түрлі онлайн курстар бар. Дамимын десеңіз, мемлекеттік бағдарламалар бар. Жастарға барлық қолдау жасалып жатыр. Бұрын жастар жоғары оқу орнын бітіріп, мамандығымен жұмысқа орналаса алмай жүретін. Қазір басқаша тенденция. Дипломың болмаса да қалаған кәсібіңді игеріп, тіпті тіл үйреніп, түрлі курстарға қатысып өзіңді дамытуға болады. Тек мүмкіндікті жіберіп алмау керек деп ойлаймын».

Дайындаған Мақпал Ноғайбаева

 

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді