jasqazaq.kz

Түркістан: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық 11,6 пайызға төмендеді

26 шiлде 2024, 15:12

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім және жауапкершілік» атты жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілуде. Нәтижесінде жыл басынан бері өңірдегі жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 11,6 пайызға төмендеген. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бегімхан Ахметов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Жыл басынан бері жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 198 кәмелетке толмаған және тұрғын үйден тыс жерде жүрген 4 358 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 104 мекеме иесіне хаттама толтырылды. Құқық бұзушылыққа бейім 427 кәмелетке толмаған жасөспірім және бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 268 отбасы полицияның есебіне алынды»- деді спикер.

Сонымен қатар, Бегімхан Төреханұлы ата-аналарды балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуге шақырды. Оларды түрлі үйірмелер мен жазғы сауықтыру лагерьлеріне жіберуге кеңес берді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі