jasqazaq.kz

Түркістан: Интернет алаяқтыққа қарсы күрес жүріп жатыр

30 мамыр 2024, 12:08

Бүгінде технологияның дамыған заманында телефон арқылы, әлеуметтік желі арқылы болатын қылмыстың қатары көбейді. Интернет алаяқтықтың алуан түрі халықтың қалтасын қағуда. Осыған орай Түркістан облысында интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша маңызды іс-шаралар өтуде. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Түркістан облысы Отырар аудандық полиция бөлімі мен аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаев атындағы мектеп-лицейінің мәжіліс залында білім беру ұйымының ұстаздарына «Интернет алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Жиынға Отырар ауданы әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры әділет кеңесшісі М. Әбдікәрімов және жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ж.Төлеген, білім саласының мамандары қатысты.

Шара барысында полиция майоры Ж.Төлеген, Отырар ауданы аумағындағы 13 ауыл округтері бойынша қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, атқарылғандығын айтып өтті. Десе де, интернет алаяқтық қылмысы өсіп отырғанын және оның алдын алу бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігін жеткізіп, бірлесіп күресуге шақырды.
Сонымен қатар Шәуілдір ауылы Жібек жолы даңғылы бойында үлкен көлемде және Көксарай ауылы «Көксарай-Маяқұм» үлкен тас жолы бойында, «Балтакөл-Түркістан» үлкен тас жолы бойына интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша баннерлер мен плакаттар ілініп, халық көп шоғырланатын орындарда заң қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын толассыз атқарып жатқандығы айтылды.

Сонымен қатар интернет алаяқтыққа қарсы іс шара Сарыағаш ауданында да жалғасын тапты. Сарыағыш АПБ-нің №96 тірек пунктінің полиция қызметкерлерімен Сарыағаш ауданы көлемінде «Интернет алаяқтық қылмысының» көп орын алуына байланысты, округ тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, буклеттер тарқатылды. Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің №88 участкелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторларымен Сарыағаш қаласы тұрғындарына «Интернет алаяқтық, таза қала, пәтер ұрлығы қылмысының алдын алу мақсатында» түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына интернет алаяқтыққа қатысты ұялы телефондарына бөтен абонеттік номерлерден жеке басыңызға қатысты қандайда бір ақпарат сұраған кезде ешқандай да мәлімет бермеулерін сұрайды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс