jasqazaq.kz

Түркістан: Есірткіге қарсы марафонға 400 адам қатысты

29 маусым 2024, 13:27

Елімізде мамыр айының соңында есірткіге қарсы күрес айлығы басталып, халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне дейін қарқынды түрде өткені белгілі. Еске түсірсек, халықаралық есірткіге қарсы күрес күні 26 маусымда аталып өтеді. Бұл күн 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында жұртшылықтың назарын жаһандық әлемдік түйткілге – есірткі заттарын пайдалану мен айналымға аудару мақсатында белгіленді.

Polisia.kz жариялаған мәліметке сүйенсек, есірткіге қарсы айлық кезінде еліміз бойынша 5414 іс-шара өткізілді, оның ішінде 310 акция, 103 семинар, 427 дәріс және 359 кездесу, 113 дөңгелек үстел, 432 спорттық жарыс және турнир, 150 профилактикалық сипаттағы конкурстар бар. Оның 994-і нарколог-дәрігерлердің, 894-і еріктілердің, 215-і жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, 425-і үкіметтік емес сектормен және 610-ы білім беру ұйымдарымен бірлесіп өткізілді. Бұл шаралар 280 мыңнан астам жасөспірім мен жастарды қамтыды. Есірткіге қарсы күрес айлығына Түркістан облысы да өз үлесін қосты.

Соның бірі — Түркістанда өткен марафон. Түркістан қаласында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ауқымды марафон өтті. Іс-шара «Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» талаптарын орындау мақсатында әрі «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні» аясында ұйымдастырылды.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен облыс әкімдігі, Денешынықтыру және спорт басқармасы «Есірткіге жол жоқ» ұранымен өткізген жүгіру марафонына мемлекеттік қызметшілер, студент жастар, спортшылардан 400-ге жуық адам қатысты.

Марафон Түркістан қаласының «Жібек жолы» саябағынан басталып, ұзындығы 4 км арақашықтағы «Түркістан-Арена» стадионына дейін жалғасты. Жарыс қорытындысы бойынша өзінің жүзден жүйрік екенін көрсеткен қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. Оларға Полиция департаменті бастығының грамоталары, бағалы сыйлықтары табысталды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Амангелді Бурханов: «Жұртшылықтың назарын есірткімен күреске аудару, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ Түркістан қаласында бұқаралық спортты дамыту, спорттық орта қалыптастыру бағытында осындай игі шара өткізіп отырмыз. Шараға үлес қосқан әрбіріңізге рақмет!»-деп атап өтті.

JQ-Aqparat  

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл