jasqazaq.kz

Түркістан: Есірткі сақтағандар тұтылды

17 қыркүйек 2024, 16:13

Түркістан облысында есірткіге қарсы күрес үздіксіз жүргізіліп келеді. Есірткі сақтап, таратумен айналысатындар тәртіп сақшыларының құрығынан құтыла алмайды. Мәселен, жуырда осы өңірдің тұрғынынан бір келіден астам марихуана тәркіленді.

«Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады.
Нақтырақ айтқанда, жедел уәкілдер облыс орталығы көшелерінің бірінен аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғынын анықтап, тоқтатты.

Тексеру кезінде жедел уәкілдер күдіктіден есірткіге ұқсас өсімдік тектес заттары бар алты полиэтилен пакет пен бір қағаз орама тауып, тәркіледі. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары жалпы салмағы бір келіден асатын «кептірілген марихуана» болып шықты.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі «Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Сондай-ақ Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрамында есірткі заты бар өсімдікті сақтау дерегі бойынша күдіктіні ұстады.

Полиция Жетісай ауданы тұрғынының ауласын тінту кезінде қағазға оралған және бес дана полиэтилен пакетке салынған хош иісті затты тауып, тәркіледі. Табылған зат шамамен 500 грамнан асатын марихуана екені расталды.

Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс