jasqazaq.kz

Түркістан: Екі ауылда полиция бекеттері ашылды

06 мамыр 2024, 14:42

Түркістан облысы Ордабасы ауданының 2 ауылында талапқа сай учаскелік полиция бекеттері ашылды. Жаңа полиция пунктінің бірі — Бөген ауылдық округінде, ал екіншісі Шұбар ауылдық округінде облыстық маңызы бар жолдың бойында орналасқан.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ғимараттардың ашылу салтанатына Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев, аудан әкімі Азат Оралбаев, прокурор Абзал Қыдырбай, мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Сыздықов, аналар кеңесінің төрайымы мен жергілікті тұрғындар қатысты.

 

Жергілікті полицейлердің жаңа ғимаратқа қоныстануына арнайы келген Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев бекеттердің жұмысымен танысып, жергілікті тұрғындармен жүздесті.

«Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің тапсырмасына сәйкес, учаскелік полиция инспекторларының азаматтарға сапалы қызмет көрсетуі үшін барлық жағдай жасалуда. Өйткені бірінші кезекте — полицияның ашықтығы, қолжетімділігі, құқық бұзушылықтар мен азаматтардың арыз-шағымдарына жедел ден қоюы. Талапқа сай ғимараттарыңыз құтты болсын! Әрқашан жұмыстарыңызға жауапты болып, халыққа адал қызмет етіңіздер! Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, профилактиканы талапқа сай жүргізу сіздерге байланысты!», — деп атап өтті полиция полковнигі Бағланбек Есембекұлы.

«Елдің амандығы мен құқықтарының сақталуы ішкі істер саласының қызметкерлеріне ғана емес, қоғамның алдындағы міндет. Бұл жұмыстарды бәріміз бірлесе атқаруымыз қажет»,- деді Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев.

Учаскелік бекеттер қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Учаскелік инспекторлар тұрғындардың арыз-шағымын осында қабылдап, кез-келген мәселеге дер кезінде ден қояды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл