jasqazaq.kz

Түркістан: Бу-газ қондырғысының құрылысы талқыланды

05 маусым 2025, 13:24

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауын іске асыру бағытында Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген. Бүгінде Сайрам ауданында осы қондырғының құрылысы жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров стратегиялық нысанның құрылысына қатысты мәселелерді талқылау үшін жиын өткізіп, жауапты басшылар мен тұлғалардың есебін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Нұралхан Көшеров: «Бұл – аса маңызды жоба. Сондықтан оның құрылысы уақытылы әрі сапалы жүргізілуі тиіс. Жұмысшылар санын көбейтіп, жобаны жандандыру қажет. Облыс әкімдігі тарапынан толық қолдау көрсетіледі», — деп атап көрсетті.

«Түркістан БГҚ» ЖШС басшылығының мәліметінше, инфрақұрылым тарту, газ, электр жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасуда. Қажетті жер телімдерін мемлекет меншігіне өткізу шаралары да қатар атқарылуда. Акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ. Бүгінде бетондау жұмыстары 64 пайыз орындалды. Металл конструкцияларды монтаждау бойынша жұмыстар 9,2 пайызға атқарылған. Қажетті құрал-жабдықтары мен металл конструкциялары жеткізілуде.
Жиында өзге де мәселелер талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі