Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды

29 шiлде, 13:40

Түркістан облысында алты айдың ішінде қылмыс азайған. Облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов өткізген жиында жарты жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесі қорытындыланды. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, басқосуда Мұрат Қабденов аппарат пен облысқа қарасты аудандық, қалалық полиция басшыларының жұмысы пысықтады.

Үлкен мәжіліс залында өткен жедел кеңесте биылғы жылдың алты айында тәртіп сақшылары атқарған жұмыстың нәтижелері қаралды. Департамент бастығының орынбасарлары өздеріне бекітілген құрылым бойынша баяндамалар жасап, есеп берді.
Статистика көрсеткендей, Түркістан облысында ағымдағы жылдың алты айында 2551 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, өткен жылдың есептік мерзімімен салыстырғанда 2,3 пайызға төмендеген. Оның ішінде қылмыс саны 7,9 пайызға азайған. Жалпы ұрлық қылмыстарының тіркелімі – 516-дан 330-ға азайған. Пәтер ұрлығы қылмыстарының тіркелімі 47,5 пайызға азайған. Мал ұрлығы қылмыстарының тіркелімі 95-тен 50-ге төмендеген. Тонау қылмыстары 31-ге төмендесе, бұзақылық қылмыстары 26,4 пайызға азайған.
Жиын соңында полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов жеке құрамға балалар қауіпсіздігі, алаяқтық қылмыстары мен жол көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Өйткені бүгінгі күннің басты мәселелері осылар болып табылады. Сондай-ақ 15 бағыт бойынша нұсқаулар беріп, жыл соңына дейін оң нәтижеге жетуге бағыттады. Облыстың бас полицейі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындар тыныштығын сақтауда жұмысты жандандыруға шақырды.

Айта кету керек, жарты жылғы жұмыс облыс бойынша ғана емес, аудандарда да қорытындыланды. Мәселен, Созақ аудандық полиция бөлімі де алты айда атқарылған жұмыс нәтижесін шығарды,Ауданның жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша өткен жедел-кеңесте полиция бөлімінің бастығы Ж.Нысанбаев үздік қызметкерлерді марапаттады. Ал полиция бөлімі бастығының орынбасарлары өздеріне қатысты құрылым бойынша баяндама жасап, есеп берді. Онда Созақ ауданында биылғы жылдың алты айында 48 қылмыс орын алғаны, былтырғы жылмен салыстырғанда 7,7 паызға төмендегені айтылды. Сондай-ақ 4012 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заңға сәйкес шара қабылданған. Жиын соңында полиция бөлімінің бастығы Ж.Нысанбаев жеке құрамға сын-ескертпелерден нәтиже шығарып, жұмыс сапасын арттыруды ұсынды. Сонымен бірге, алдағы уақытта профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Жарты жылдық атқарылған жұмыс қорытындысын Жетісай аудандық полициясы да ұсынды. Облысық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісай полициясының бастығы Әділбек Сапарбековтің төрағалығымен жетісайлық полицейлердің 2024 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс нәтижесін қорытындылау жедел кеңес отырысы өткізілді.
Кеңеске басшылық пен жеке құрам қатысты. Полиция полковнигі Ә.Сапарбеков кеңесті алғысөзбен ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, өзекті мәселелерді атап өтті. Жедел кеңесте Жетісай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарлары Е.Надиров, М.Құрбанов, С.Жайлыбаевтар құқық бұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтауда атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндады.

Сонымен қатар Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы да ағымдағы жылдың алты айы бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесімен бөлісті. Төлеби аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев, бөлімнің бірніші жарты жылдықтағы жұмысын қорытындылай келе, мал ұрлығы, алаяқтық және жол-көлік оқиғасының алдын алу, жасөспірімдердің арасындағы қылмысты болдырмау бағытында атқарылған жұмыстарына баға берілді. Керек жағдайда қайта талдау жасалып, оң нәтиже көрсетуге бағытталған ұсыныстарды бекітті.

Түлкібас ауданы Полиция бөлімінің кеңейтілген жедел кеңесінде жарты жылда атқарылған жедел-қызметтік жұмыстары бойынша жеке құрам арасында жиналыс өтті. Жиында төрағалық еткен полиция бастығы Бекарыс Талғатұлы қатысушыларға ауданда криминогендік ахуал тұрақты болғанын, жалпы қылмыс саны былтыр 131-ден биыл 102-ге, яғни  22,1 пайызға азайғанын жеткізді. Ауданда қылмыстың төмендеуі байқалады. Мәселен, ұрлық қылмыстары – 39,3 пайыз, 28-ден 17-ге төмен.

Жалпы жиында барлық сала бойынша қызмет нәтижесі қаралды. Жиын отырысында алдағы уақытқа міндеттер айқындалды. Бөлім басшысы жеке құрамға қылмысқа қарсы күресті күшейтуді, алдын алу жұмыстарын жандандыруды, азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауды тапсырып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейтуді, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жүйесін жаңғыртуды, «Қарасора» іс-шарасында есірткінің таралуына тосқауыл қоюды және интернет-алаяқтық, сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Жаңадан құрылған Сауран аудандық полиция бөлімінде де 6 айлық жұмыстардың қортынды есебі тыңдалды. Полиция бөлімнің бастығы және бөлімше басшылары, жеке құрам қызметкерлері қатысқан бұл жиында атқарылған жұмыстар сараланды.

Жиында полиция бөлімі басшының бірінші орынбасары Данияр Түймебаев баяндама жасап, полицейлердің жұмыс көрсеткіші бойынша алдағы уақытта атқарылар бірқатар жұмыс жоспарымен таныстырды.

Атап айтқанда, 2024 жылдың 6 айында Жергілікті полиция қызметі бөліністерінің қызметкерлерімен қоғамдық қауіпсіздік пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жалпы 1807 құқықбұзушылық анықталған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда жұмыс көрсеткішінің едәуір жоғарылағандығын аңғартады.

Жиын соңында ауданның полиция басшысы: «Біз тәртіп сақшылары – азаматтарға сапалы полиция қызметтерін көрсетіп, халықпен тығыз байланыс жасай отырып, қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстарды атқарудамыз. Басты қағида: қоғамның полиция қызметіне деген сенімін жоғарылата отырып, бұқарамен жақындастыру, патриотизмді насихаттау», — деп қорытындылады.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген