jasqazaq.kz

Түркістан: «Бірліктің бастауы» фотобайқауы өтті

28 мамыр 2025, 15:03

Біздің елімізде барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын сақтап, қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыруға айрықша мән беріледі. Киелі Түркістан өңірінде де бұл мәселе ешқашан тыс қалған емес. Осы орайда түрлі іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады.

Соның бірі — «Түркістан – бірліктің бастауы» фотобайқауы. Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткізілген фотобайқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері қатысты.

Бірлік пен татулықты ту еткен фотобайқауға Түркістан облысымен қатар, Алматы қаласынан да 20-ға жуық фотограф қатысып, өздерінің жұмысын ұсынды. Түсірген суреттерін байқауға онлайн арқылы жолдағандар да болды.

Шығармашылық байқау барысында қатысушылар объектив арқылы достықты, көпэтносты Қазақстанның бейбіт өмірін, мәдениеттер үндестігін көрсетті.
Салтанатты шараның ашылуында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов қатысушыларға алғысын айтып, шараның маңыздылығына тоқталды.

Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімімен 1-орынға Самат Мырзалиев лайық деп танылды. Ал 2-орынды Мақсат Шағырбай, 3-орынды Нуриддин Искаков иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ байқауға белсене атсалысқан қатысушыларды арнайы құттықтап, Дипломдармен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Ынтымақтастыққа үндеген іс-шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі