jasqazaq.kz

Түркістан: «Бірлік жарысы» додасына 6 мыңнан аса адам қатысты

01 мамыр 2025, 15:15

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы» және «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай Түркістанда «Бірлік жарысы» өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, сайысқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қала тұрғындары, этнос өкілдері жалпы 2000-нан астам әуесқой спортшы қатысып, бақтарын сынады. Жарыс «Денсаулық» саябағынан басталып, «Достық» үйіне дейін жалғасып, жалпы қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықта жүгірді.

Бүгінгі жарыс облыстың барлық өңірлерінде бір мезгілде өтіп, жалпы 17 аудан-қаладан 6 мыңнан астам адам қамтылды.

Бұл шараның мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің бірлігін, достығы мен татулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа қатысушылар бірнеше санат бойынша іріктеліп, жас ерекшеліктеріне қарай ерлер мен қыздар арасында бақ сынасты. Атап айтқанда, 18 бен 29, 30 бен 39, 40 пен 49 жас аралығы сонымен қатар 50 мен одан жоғары жастағылар болып бөлінген.

Салтанатты іс-шараның соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жеңімпаздарға арнайы диплом мен медаль табыс етті.

JQ-Aqparat

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі