Түркістан: Басты назарда — қоғамдық тәртіпті сақтау

18 қыркүйек, 15:25

Еліміздің барлық өңірінде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға арналған іс-шаралар өтуде. Осы ретте Түркістан облысында ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш және Келес аудандарының аумағында жедел-профилактикалық іс-шара өтті.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, басты мақсат — қоғамдық тәртіпті сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.

Тәртіп сақшылары рейд нәтижесі бойынша екі тәулікте 486 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде: ұсақ бұзақылық — 18 дерек, тыныштықты бұзу — 2, қоғамдық орындарда тиісу — 12, абаттандыру ережелерін бұзу – 9 және 11 ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу.
Жол қауіпсіздігі желісі бойынша полицейлер сақтандыру полисі жоқ 15 жүргізушіні, көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзған — 51, техникалық байқаудан өтпегені үшін — 22, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін — 55 құқық бұзушыны және автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 6 жүргізушіні жауапқа тартты.

Мәселен, елді мекендердің бірінде полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен автокөлік жүргізушісін тоқтатты. Тексеру кезінде ер адамның жүргізуші куәлігінен айрылғаны және мас күйінде басқарғаны анықталды. Осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.
Бұдан бөлек, 66 жаяу жүргіншіге қатысты белгіленбеген орындарда жүріс бөлігін кесіп өткені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Айып тұрағына 60-тан астам көлік қойылды. Рейд барысында тұрғылықты жері бойынша 163 қару иесі мен профилактикалық есепте тұрған 90-нан астам адам тексерілді. Тәртіп сақшылары алдын алу жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты. Полицейлер атап өткендей, мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Полиция түнгі рейд өткізді

Жол-көлік оқиғалары көбінесе қас қарайған уақытта болады. Бұл уақытта жолдың анық көрінуі төмендейді, жүргізушілер шаршайды, ұйқысы келеді. Соның салдарынан болатын оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында Түркістан облысының полицейлері түнде ерекше рейд өткізді. Түркістан облысы Полиция департаментінің Патрульдік полиция батальоны жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау үшін республикалық маңызы бар тас жолдарда, Түлкібас, Сауран шеп бекеттерінде қызмет атқарып, жолда жүрген жүргізушілердің ұйықтап кету фактілерін болдырмау, ұйқысын ашу мақсатында кофе таратты.
Жол үстінде кетіп бара жатқан алысқа қатынайтын ауыр жүк көліктері, жолаушы тасымалдаушы автобустар, жеңіл көліктерді тізгіндеуші әрбір тұрғынмен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс жалғасады.

Адасқан қыз аман-есен табылды

Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөлімшесіне хабарласқан әйел 11 жасар қызының із-түссіз жоғалып кеткенін жеткізген. Оның айтуынша, кешкі уақытта мектептен шыққан қызы сол күйі үйге келмеген.

Осы хабар түсе сала, Түркістан облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, қыз баланың жүруі мүмкін жерлердің барлығын түгел шолып шықты. Тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде, жасөспірім қыз жарты сағат ішінде көшелердің бірінде адасып жүрген жерінен табылды.

Белгілі болғандай, мектеп оқушысы жақында ғана отбасымен Шымкент қаласынан Арыс ауданына қоныс аударған. Содан күнделікті барып жүрген мектеп пен үй арасындағы жолдан адасып, басқа көшеге кетіп қалған.

Тәртіп сақшыларының арқасында жоғалып кеткен жасөспірім қыз үйіне қайтарылды. Қызымен аман-есен қауышқан анасы баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен Арыс ауданының полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Полиция 300-ге тарта тұрғынның сұрақтарына жауап берді

Түркістан облысының полиция басқарма, бөлімдері жанынан ашылған «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде» және «Жолда қабылдау» акциясы өтті.
Екі күндік жұмыс нәтижесінде полиция 350-ге жуық тұрғынды қабылдап, түрлі мәселеге қатысты сұрақтарына жауап берді. Оның ішінде автокөлікті тіркеу мәселесімен — 35, жүргізуші куәлігін алу бойынша — 91, жол жүрісін ұйымдастыру — 75, автокөлікті қайта жабдықтау — 15, айыппұлдарға қатысты 65, көші-қон қызметі туралы — 12, ІІО қатысты емес басқа мәселелер бойынша 7 сұраққа құқықтық кеңес берілді. Мүндай іс-шара алдағы уақытта жалғасатын болады.
Акцияның басты мақсаты –тұрғындардың ұсыныс-пікіріне назар аудару, азаматтардың құқықтық сауатын, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру. Осы ретте тәртіп сақшылары акцияның ай сайын өткізілетінін хабарлап, полиция кері байланысқа әрқашан дайын екенін жеткізеді.

Әлима Әлмерек
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек
29 қыркүйек, 22:52
Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі
27 қыркүйек, 16:46
Түркістан: Жан-жақты іс-қимыл - мал ұрлығына тосқауыл