jasqazaq.kz

Түркістан: Бәйдібектің жастары белсенді

14 маусым 2023, 16:57

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында жастар саясатына ерекше мән беріледі. Бұл орайда аудандағы «Жастар ресурстық орталығының» атқаратын жұмысы ауқымды. Сөзіміз дәлелді болуы үшін, кеңірек тоқтала кетейін.

Ең алдымен Бәйдібек ауданында қанша жас бар десек, үш айда бір рет 14-35 жас аралығындағы жастарға электронды карта аясында талдау жасалады. Сол талдау нәтижесі көрсеткендей, қазір ауданымызда 16 420 жас бар. Оның 5135-і 14-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары болса, студент жастар саны — 2974. Оның ішінде: арнаулы орта білім алып жатқан жастар — 1951, жоғарғы оқу орнында білім алып жатқан жастар саны — 1023. Біреуі шет елде өз қаражаты есебінен білім алып жатыр.

Ауданымызда 2 жас депутат, 2 жас әкім, мемлекеттік қызметте 57 жас, жалпы азаматтық қызметкерлер — 1639, білім саласында қызмет ететін жастар саны — 604, денсаулық саласында — 340, құқық қорғау, қорғаныс істер саласында — 38, жас кәсіпкерлер — 394, әскерге аттанған жастар — 11, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-1708. Жастар практикасынан 41 адам өтті. 40 шақты жас әзірге жұмыссыз.

«Білікті — бірді, білімді — мыңды жығады» деп дана халқымыз айтқандай, бұл мәтелдің өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып тұр. Бұл заманда білекке емес, білімге сенетін заман екенін жалынды жастар ой тоқып, түйінін түйіп, сол білімді қажетке, тұрмыс-тіршілігіне жарата білуімен бағаланады.
Ауданымыздың «Жастар ресурстық орталығы» өз жұмысын жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту бағытында жүргізеді.
Жастарға арналған мемлекеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде ұсынылатын мүмкіндіктерді кеңінен түсіндіріп, ақпараттық хабарлама таратамыз.
Жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беру, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, жастардың шығармашылық бастамаларын, әлеуметтік және бизнес саласындағы жастар жобаларын қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргіземіз.

Бүгінгі заманда нашақорлық, араққа салыну сияқты зиянды әдеттерге қарсы күресу жағы да қалыс қалмайды. Бұл бағытта біздің орталық жастарға есірткіге елту, ішімдік ішу, шылым шегу сияқты әдеттердің зиянын түсіндіріп, салауатты өмір салтын тұрақты түрде насихаттайды.
Сонымен бірге шеберлік сыныптары, мотивациялық кездесулер, презентациялық түсініктемелер, жәрмеңкелер форматында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша іс-шаралар жиі өткізіледі. Жастар арасында әлеуметтік зерттеу жүргізіп, жекелеген жастарға және жастар ұйымдарына құқықтық, әдістемелік көмек көрсетіледі. Бұл орайда сенім телефоны іске қосылғанын айту керек.

Сондай-ақ жастар арасындағы ахуалды мониторингілеу және талдау жүргізіледі.
Аудан жастары туркалы ақпараттық төлқұжат әзірлейміз.

«Жастар ресурстық орталығында» кеңес беру, психологиялық консультация бойынша да қызмет көрсетіледі. Сайт және әлеуметтік желі парақшасы арқылы жастардың тыныс-тіршілігі жайында хабарлап отырамыз. Жастардың барлық сұранысын ескеріп, спортқа, шығармашылыққа, қолөнерге баулу секілді жұмыстарды атқарамыз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес, қазір ауданда ауыл жастарын қолдауға бағытталған «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Серпін-2050», «Студенттік құрылыс жасақтары», «Жастар практикасы», сынды бағдарламалар бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін волонтерлер қатары да жыл санап артып келеді. «Елге қызмет — ерге міндет» демекші, еріктілер тобымен бірлесіп жұмыс істеу барысында ауданымызда 19 отбасы баспаналы болды. Сондай-ақ 150 отбасы азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Төтенше жағдай орын алған кезде 3 үйге 4,5 миллион теңге қаржылай және қажетті құрылыс заттарымен жәрдем берілді.

Жыл сайын 1 қазанда Қарттар күні атап өтілетіні белгілі. Осы орайда «Қарттарға құрмет — жастарға міндет» атты тақырыпта қазыналы қарияларымызға құрмет көрсетеміз. «Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, қандай құрметке де лайық ұстаздар қауымын да айтулы мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасауды ұмыт қалдырмаймыз. Сонымен қатар, ауданымыздың тарихи жерлерін насихаттау мақсатында шетелдік журналистерге және Түркістан облысының белсенді жастарына ауданымыздың киелі жерлерін аралатып, гид қызметін атқардық.
Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек аудан жастарын сергіту мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Жайдарман» және облыстық «Ой бәйге» интеллектуалдық ойындары өткізілді. Бұл жобада оқ бойы озып аудан, қаладан келген орталық мамандары марапаттар мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

Бәйдібек ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен теолог, дінтанушы, психолог әлеуметтік желі арқылы көпшілікке кеңінен танылған Нұрлан имам Байжігітұлының Бәйдібек жастарымен кездесуіне ұйтқы болдық. Сонымен қатар, кәсіпқой боксшы, чемпион Қанат Исламмен жастар арасында рухани кездесу өтті. Кездесуге аудан жастары түгел дерлік қатысты. Елге танымал, айтары мол осындай азаматтармен кездесіп, лебіздесудің өзі жастарға рух береді, биік белестерге ұмтылуға жетелейді. Сондықтан алдағы уақытта да танымал тұлғаларды шақырып, аудан жастарымен кездесу ұйымдастырсақ деген ойымыз бар.

Жастардың белсенділігін арттырып, спортқа баулу мақсатында жастарымыздың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, теріс әрекеттерден бойларын аулақ ұстау мақсатында түрлі жарыстар өткізіледі. Мәселен, суда жүзуден 7-12 жас аралығындағы балалар және NEET санатындағы (жұмыссыз) жастар, белсенді жастар, сондай-ақ ауыл округтер мен мекеме жастарын қатыстыра отырып, жуырда үлкен жарыс өткіздік.
Ауданымыздың кәсіпкер жастары арасында Кәсіпкерлік палата, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандарымен бірлесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басып, ізін жалғастыратын жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Сондықтан жастардың дұрыс тәрбие алып, бос уақытын тиімді өткізуіне, білім алуына, жұмыспен қамтылуына барынша жағдай жасауымыз қажет.

Біздің жастар шетінен дарынды. Олар — шеберлік пен ілім-білімнің қоймасы дегенге мен өз басым қатты сенемін. Жастардың жүрегіндегі жалындаған ұшқынды сөндірмей, әлеуетін жоғалтып алмай дұрыс арнаға бұрып, қиыншылықтар мен кедергілерге мойымай туған елімізді мәртебелі дәрежеге жеткізу – міне, осы жастардың міндеті, парызы деп ойлаймын.
Кезінде Сұлтанмахмұт Торайғыров былай деп жырлаған екен:
«Ақыр түбінде қара бұлт ашылып,
қазақ жастарының да әлеуметтік теңдікке жететініне,
өз елін бақытқа бастар азамат боларына,
бүкіл қазақ қауымының қапастан құтыларына сенімім бар».
Ақынның осы арманы орындалды. Қазіргі жастар елімізді бақытқа бастай алатын дәрежеге жетті.

Жамбыл КӨРІКБАЕВ,
Бәйдібек аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее