jasqazaq.kz

Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті

08 шiлде 2025, 13:59

Түркістан облысында ынтымақтастық рухын қалыптастыруға айрықша маңыз беріледі. Өйткені ынтымақтастық рухы өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, білім беру және ғылым саласында, мәдениет пен өнерде зор жетістіктерге жетуге жағдай жасайды. Қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастырудың негізгі бағыттары білім беру және ағарту, қоғамдық іс-шаралар, мәдениет және өнер, спорт және дене шынықтыруға басымдық беру десек, бұл бағытта Түркістан облысында түрлі іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады. Айталық, жуырда Түркістан облысының жастары ұлттық рух пен салт-дәстүрді дәріптеген ерекше сайыста бас қосты. Бәйдібекте аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған облыстық «Ауыл live» ұлттық ойындар сайысы өтті.

Бұл сайыстың мақсаты – жастар арасында ұлттық салт-дәстүрлерді, қолөнер мен ұлттық ойындарды дәріптеу, қазақтың бай мәдени мұрасын таныту және ауыл өмірінің құндылығын ұғындыру арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық сезім қалыптастыру.

Салтанатты ашылу рәсімінде Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ернар Бектаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы жастарға сәттілік тіледі.

Сайысқа Түркістан облысының 17 ауданы мен қаласынан жиналған жастар қатысып, ұлттық ойындар мен өнер сайыстарында бақ сынасты. Ұлдар арасында арқан өру, ағаштан бұйым жасау, асық атудан жарыс ұйымдастырылса, қыздар арасында талқан жасау, таба нан жабу, кесте тігуден жарыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар ақындар айтысы өтті.

Сайыс нәтижесі бойынша командалық есепте Сарыағаш ауданының жастары 1 орынды жеңіп алды. Ордабасылықтар 2 орыннан көрінсе, Созақ ауданының жастары 3 орынды місе тұтты. Ал, ақындар айтысы бойынша Біржанұлы Исламәліге тең келгендер болмады. 2 орынды Маратұлы Аян алса, 3 орын Бақтияр Айшаға бұйырды.

Жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

«Ауыл live» жобасы арқылы жастар халқымыздың ұмыт бола бастаған дәстүрлері мен қолөнерін жаңғыртып, ұлттық сана мен мәдениеттің өркендеуіне үлес қосты.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді