jasqazaq.kz

Түркістан: Арыста кадет сыныбына ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі берілді

06 мамыр 2024, 14:25

Арыс қаласында Түркістан облысындағы тұңғыш кадет сыныбы ашылды. Жастарды өз Отанын сүюге, ел тыныштығын күзету мен ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға баулитын сыныпқа қызмет бабында қаза болған полиция капитаны Бибасар Отарбековтің есімі берілді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыныптың ашылу салтанатына Түркістан облысы Полиция департаменті басқарма бастығы Мақсат Асқаров, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, Арыс ауданының бас полицейі Бауыржан Куатов, облыстық ардагерлер алқасының төрағасы Оспанғазы Жанқожаев және қаза болған полицейдің туыстары, жас патриоттар мен олардың ата-аналары қатысты.

Іс-шара барысында ел тыныштығын күзете жүріп, қарақшылар қолынан жұлдызы ерте сөнген Бибасар Отарбековтің өмір жолы туралы деректер айтылып, жиналған көпшілікке оның ерлігі дәріптелді.

«ҚР ІІМ Е.Саденовтың бастамасымен бүгінгі таңда республикамыздың барлық өңірлерінде кадет сыныптары ашылуда. Мақсаты – ел тыныштығын күзету мен қауіпсіздігін қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлерінің батырлығын, қайсарлығын жас ұрпаққа дәріптеу. Сондықтан игі іс-шараларға қолдау білдіріп отырған ІІМ мен Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовке  алғысымды білдіремін!», — деді полиция полковнигі Мақсат Нұрқожаұлы.

«Бүгін қызмет барысында қаза тапқан полицей Бибасар Отарбеков атындағы кадет сыныбы ашылып отыр. Ол ел тыныштығын уақытпен санаспай күзетіп, сол жолда ерлікпен қаза тапты. Болашақта осы сыныпты бітірген жастардың ішінен халықтың тыныштығын күзетіп, елдің ертеңіне адал қызмет ететін ұрпақ қалыптасады деп сенемін,» — деді қала әкімі Гүлжан Мамытқызы.

Бұдан кейін кадет сыныбының алғашқы 25 мүшесі өз Отанының ержүрек, әрі батыл қорғаушысы болуға дайындалумен қатар, әрдайым ізденуге, оқуда озат, елінің патриоты ретінде қатарластарына үлгі болуға ант берді.

Бибасар ағамыздың аяулы жары Сапакүл Отарбекова ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, өткенін ұлықтап, өшкенін қайта жаққан жерлестерімен мақтанатынын айтты.

Ал жаңа кадет сыныбының ашылуына, осы мектептің түлегі, жергілікті кәсіпкер Азамат Байбосынов та өз үлесін қосқан.

Айта кетейік, Бибасар Отарбеков 1990-шы жылдары ел күзетінде жүріп, қарақшылардың қолынан қаза тапты. Әскери борышын Германияда өтеп, ол жақтан «Үздік офицер» атанды. Әскерден оралған соң, еңбек жолын теміржол саласынан бастаған. Кейін ішкі істер саласына ауысып, Алматыда арнаулы оқу орнын бітіріп, лейтенант шенін алды. 1990 жылы «Үздік учаскелік инспектор» атанған. Капитан Бибасар Отарбеков ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт
21 сәуiр, 15:08
Туркестан: Мощность завода по производству холодильников достигнет 50 тысяч единиц в год
21 сәуiр, 15:07
Туркестан: Весенне-полевые работы и орошение ведутся в соответствии с планом
21 сәуiр, 12:17
Кадырболат Мусагалиев: Основная цель - повышение статуса государственного языка в общественном пространстве
20 сәуiр, 16:12
Туркестан: Ведется комплексная работа по развитию инфраструктуры питьевого водоснабжения
20 сәуiр, 15:58
Қызылордадағы зауыттар цифрлық басқару арқылы бақыланады
20 сәуiр, 14:46
Туркестан: Работы по ремонту дорог идут полным ходом
20 сәуiр, 14:42
Туркестан: Объездная дорога в Сарыагаш усилит международные транзитные связи