jasqazaq.kz

Түркістан: Әлеуметтік дамудағы қарышты қадамдар

11 маусым 2025, 12:59

Түркістан облысында әлеуметтік нысандар соңғы жылдары көптеп бой көтеріп, тұрғындардың сапалы өмір сүруіне барлық жағдай жасалып жатыр.

Жуырда Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекенінде «Тең қоғам — Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, салтанатты рәсімге Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев және Бәйдібек аудандық мәслихатының төрағасы Имангелді Түймебаев арнайы қатысып, аудан тұрғындарын жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады.
Бақыт Қырғызәлиев. «Аталған орталықтың ашылуы – ауданның әлеуметтік дамуындағы үлкен қадам, бұл – мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты және тиімді қолдаудың айқын көрінісі және аудан халқының денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және әрбір азаматтың қоғамдық өмірге белсене араласуына бағытталған маңызды әрі құнды бастама», — деп атап өтті.

Қазір азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, өзара байланыс орнату және дене белсенділігін арттыру – қоғам дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Осы мақсатта ашылған орталықтың заманауи талаптарға сай жабдықталуы, кәсіби мамандармен қамтылуы және әрбір келушіге ыңғайлы жағдай жасалуы басты назарға алынған.

Сондай-ақ жаз маусымы басталғанда Түркістан өңіріндегі алғашқы модульді лагерь пайдалануға берілді.
Балалардың жазғы сауықтыруын қауіпсіз және тиімді ұйымдастыру асқан жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жазғы лагерьлердің жұмыс сапасын өз қадағалауына алған. Биыл өңірде алғаш рет модульдік лагерь жобасы жүзеге асырылды. Жаңа бастама арқылы бес мемлекеттік лагерьге 52 модульді жатақхана қойылып, 7500-ден астам қосымша орын ашылу жоспарлануда.

Модульді лагерьдің алғашқы корпусы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде ашылды. Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты балалардың демалыс кешені күрделі жөндеуден өткізіліп, 10 модульді жатақханасы пайдалануға берілді. Олардың әрқайсысы 20 балаға арналған жатын орынмен қамтамасыз етілген. Түгелдей жаңа жиһаздар мен төсек орындары бар. Әр баланың жеке киімдерін салатын шкафтары қарастырылған. Бөлме іші жарық, әрі заманауи үлгіде безіндірілген. Лагерьдің алғашқы ауысымына 350 бала қабылданды. Оның ішінде, 250 бала – Түркістан қаласының, 100 бала – Сауран ауданының оқушылары. Қалғандары лагерьдің жаңартылған алдынғы корпусында тынығады. «Балауса» жазғы сауықтыру орнында 7 лекпен жалпы 2 мыңнан астам баланы қабылдау жоспарға енді.

Сондай-ақ Мақтаарал ауданындағы «Толағай» лагерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылдың алғашқы демалушыларын қабылдады. Жалпы әр маусымда 200-ге жуық баламен 8 маусым бойынша 1500 бала жазғы сауықтырумен қамтуды жаспарлап отыр.
Демалып жатқан балалар бес мезгіл тамақтанады. Күнді таңертеңгі жаттығумен бастап, спорттық-эстафеталық жарыстар, интелектуалдық сайыстар, мәдени бағдарламалар мен қатар бассейнде түрлі шынығу жаттығуларымен, жаз айларындағы демалысты көңілді өткізуде.
Жалпы биыл Түркістан облысындағы қала сыртындағы сауықтыру орындарында 43 мыңнан астам бала демалады. Оқушыларға 10 мемлекеттік, 24 жекеменшік лагерь қызмет көрсетеді. Одан бөлек, 300 мыңнан астам оқушы мектеп жанындағы лагерьлер мен арнайы экскурсиялар, танымдық шараларға қатысады.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде