jasqazaq.kz

Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды

23 маусым 2025, 14:42

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп саласын дамыту бойынша бекіткен міндеттерін, үкімет пен министрлік қабылдаған бағдарламаларды жүзеге асыру үшін Түркістан өңірінде кешенді жоспар түзіліп, тапсырмалар берілген.

Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өзі жетекшілік ететін салаларға қатысты тапсырмалардың орындалу барысын аудан, қала әкімдерінің орынбасарларымен бірге қарап шықты.
Ауыл шаруашылығы басқармасына берілген 279 тапсырманың 215-і орындалып, бақылаудан алынған. Облыстық жер қатынастары басқармасы үш,ветеринария басқармасы бес тапсырманы орындаған. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 10 тапсырма орындалу барысында екенін жеткізді.
Аудан, қала әкімдіктері тежелген тапсырмалардың атқарылу мерзіміне қатысты баяндады. Мәселен, Мақтарал ауданында су үнемдеу технологиясын 8 мың гектарға енгізу межеленген. Бүгінгі күнге дейінгі көрсеткіш – 3,3 мың гектар. Оның бір мың гектарға жуығы – мақта алқабы. Жауаптылар шаруашылықтар арасында су үнемдеу әдісінің қажеттілігі мен пайдасын түсіндіруді жалғастырып келеді.
Ордабасы ауданында жұмысшы топ анықтаған мал тіркелмеген 21,8 мың гектар жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша құжаттары рәсімделу сатысында. Аудан әкімінің орынбасары тапсырма мерзімінде орындалып, аяқталатынын баяндады.
Бес айдың қорытындысы бойынша Отырар ауданына агроөнеркәсіп кешеніне тартылған инвестиция 5,3 млрд. теңгені құраған. Тамшылатып суғару әдісі 3,3 мың гектарға енгізілген. Аудан әкімінің орынбасары межеге жету үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
Нұрбол Тұрашбеков нәтижеге жету үшін шаруашылықтармен, жеке шаруалармен, диқандармен тығыз байланыс орнату қажеттігін атап өтті.
«Бағдарламалар бізге түсінікті, өйткені осы салада жүрміз. Ал, қарапайым шаруаға түсіндіру, көзін жеткізу, қолдау білдіру, көмектесу – сіздерге жүктелген міндет. Түсінбегенін мамандардан сұрап, шаруасын дамытатын жағдайға жетуіміз керек. Ашық болыңыздар! «Мәселені шешемін» деген адам жолын табады», — деген облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға жұмысты заң аясында ұйымдастыруды, сыбайластық әрекеттерге жол бермеуді қатаң ескертті.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі