jasqazaq.kz

Түркістан: Әділет департаменті халықпен тығыз байланыста

21 маусым 2024, 16:22

Түркістан облысының Әділет департаменті тұрғындарға отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек беру жұмыстарын бастады. Бұл туралы Әділет департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Департаменттегі коммерциялык емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, АХАТ басқармасының бас сарапшысы және 17 қала, мен аудан бойынша АХАТ бөлімінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенция талаптарына сәйкес дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде ТМД елдерімен халықаралық хат алмасу «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы» Минск және Кишинев Конвенцияларының (бұдан әрі — Конвенция) талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы қажеттілігі туралы талкыланды.
Сонымен қатар, құқықтық көмек көрсету кезiнде Кишиневте 2002 жылғы 7 қазанда жасалған Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылатын (Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы) елдермен хат алмасу үшін Конвенцияның 5-бабына сәйкес аумақтық органдары арқылы қатынас жасау қажет екендігі ескертілді.


Слнымен қатаар Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ғимаратында Департамент қызметкерлерінің, адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттардың, сот орындаушылардың кәсіби медиаторлардың қатысуымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында және азаматтарға құқықтық мәселелері бойынша заңдық тұрғыда консультациялық көмек көрсетілді.
Аталған шарада 80-ге жуық тұрғындардың мәселелері тыңдалып, заңдық тұрғыда құқықтық көмек берілді. Жоғарыда көрсетілген мәселелер негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясындағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Сондай-ақ Түркістан қалалық Мансап орталығында алимент санатындағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша, жұмыссыз немесе өзге де табысы жоқ борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында “Бос жұмыс орындары” жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге 16 борышкерге жалпы 210 жұмыс орны оның ішінде 90 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 80 жұмыс берушілер тарапынан жұмыс орындары ұсынылған. Әділет депанртаменті тарапынан жоғарыда аталған жұмыстар әлі де жалғасын табады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысының Әділет департаменті

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды