jasqazaq.kz

Түркістан: 32 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

27 мамыр 2024, 11:30

Түркістан облысында 25 мамыр күні мектеп түлектерінің қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара мектеп қабырғасында өткізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев облыс орталығында орналасқан №28 мектеп-лицейіндегі соңғы қоңырау рәсіміне қатысып, жас түлектерге жылы лебізін білдірді.

Еліміздің болашағы — сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан әр кезде терең білім алу жолында жалықпай, талмай, ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңыздыі тілеймін, — деді Бейсенбай Дәулетұлы

Аяқталған оқу жылы біздің өңіріміз үшін де жемісті жыл болды. 2023-2024 оқу жылында 32306 оқушы 11-сыныпты тәмамдады. Оның 1727-і «Алтын белгі» белгісіне үміткер болса, 2466 оқушы жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» үміткер атанды. Ал ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген.

2023-2024 оқу жылындағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиадаға қатысушы командалардың сапалық рейтингі бойынша Түркістан облысы 2 орынды иеленді. Ал жарытылыстану бағыты бойынша 4 орын алды.

2023-2024 оқу жылында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларының облыстық кезеңіне жалпы 3293 оқушы қатысып, 1481 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Республикалық кезеңіне 286 оқушы жіберілді. Нәтижесінде 144 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Халықаралық олимпиадаларға 24 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 2022-2023 оқу жылындағы республикалық кезеңіне облыстан 65 оқушы қатысып, 19-ы (29%) жүлделі орынға ие болса, 2023-2024 оқу жылында 74 оқушы қатысып, 30 (40%) жүлделі орынға ие болды. Бұл көрсеткіш 11 пайызға өскен.

Шара соңында мектептің үздік оқушылары арнайы марапатталып, өнерлі оқушылар патриоттық әндер шырқап, мың бұралған бишілер көременнің ыстық ықылысына бөледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі