jasqazaq.kz

Түркістан: 200-ден астам полицияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заң түсіндірілді

13 мамыр 2024, 15:30

Еліміздің ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, яғни әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына түсіндірме жұмыстары қолға алынып, жүргізіліп жатыр.

Осы орайда Түркістан облысының жеке құрамына сабақ өткізу бойынша кесте түзілді. Бекітілген кестеге сәйкес, департамент бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбековтың төрағалығымен үлкен мәжіліс залда Түркістан, Кентау, Сауран ауданының тергеу, анықтау қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің учаскелік полиция инспекторларына Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар түсіндірілді. Сондай-ақ практикада қолдануға қатысты арнайы сабақ өткізілді.

Жедел кеңесте анықтау басқармасы бастығының орынбасары Б.Дошманов, ЖПҚБ бастығының орынбасары Б.Ахметов пен Тергеу басқармасының бастығы Ж.Құлмахан, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша, ағымдағы жылдың 14 маусымында қолданысқа енгізілетін әрбір бапты талқылап, алгоритмде көрсетілген тергеу практикасының жай-күйін түсіндірді.

Алдағы уақытта аталған департаментпен құрылған топ, қалған барлық полиция бөлімдерінің жеке құрамына түсіндірме сабақтарын өткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 16 сәуірде әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойған болатын.
Сол екі заңның бірі – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», екіншісі – «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Бұл заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату жөніндегі тапсырмасы негізінде әзірленген.

 

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркітсн облыстық ПД баспасөз қызметі

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі