Түркістан: 2,5 пайызбен несие алатын жастар іріктеліп жатыр

25 мамыр, 20:05

Түркістан: 2,5 пайызбен несие алатын жастар іріктеліп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредит беру тетігін іске қосуды тапсырған болатын. Бағдарлама өте қысқа мерзімде әзір болып, қабылданды.
Биыл бұл бағдарлама аясында 5,8 мың жас 5 млн теңге сомасында шағын несие ала алады. Сөйтіп наурыз айында жаңадан кәсіп бастағысы келетін немесе бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беріле бастады. Оның негізгі шарттары мынадай: шағын несие мерзімі – 5 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін). Ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін, ал сыйақы мөлшерлемесі жылына 2,5 пайыздан аспайды. Жұмыссыз жүрген жастар үшін бұл мемлекет тарапынан жасалатын үлкен қолдау. Қазір аймақтарда жастар осындай жеңілдетілген шағын несиеге қол жеткізу үшін өздерінің бизнес-идеясын ұсынуда.

Түркістан: 2,5 пайызбен несие алатын жастар іріктеліп жатыр
Мәселен, Түркістан облысында жаңа бизнес-идея ұсынған 1688 азаматқа грант беру жоспарланса, олардың ішінде 594 жасқа 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беріледі. Осы орайда бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының қатысуымен өткен жиында бағдарламалардың аймақта іске асырылу барысы талқыланды. Түркістан облыстық баспасөз қызметінің хабарлауынша, басқосуға Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, барлық аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының өкілі, жергілікті әкімдіктердің жанынан құрылған жұмысшы топ мүшелері келіп қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша басқарма басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов баяндама жасап, «Еңбек» бағыты бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант берудің бірінші легі 20 ақпан — 3 наурыз аралығында жүргізілгенін айтып өтті. Үміткерлердің өтінімдері Business.enbek.kz кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай онлайн терезесі арқылы қабылданып келеді.

Түркістан: 2,5 пайызбен несие алатын жастар іріктеліп жатыр

Алғашқы ағымда 385 азаматқа грант қарастыру көзделіп, 5199 адам өз жобаларын аталған платформаға жолдаған. Соның нәтижесінде 381 қатысушыға грант беріліп, олар сол қолдаудың игілігін көріп жатыр. Мемлекеттік қолдауға қол жеткізгендердің қатарында атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасы мүшелері, мүгедектігі бар азаматтар мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған тұлғалар, асыраушысынан айрылған жағдайда төленетін жәрдемақыларды алушы санаттарындағы азаматтар бар.
Осы тұста Әсия Құралқызы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін аудан, қалаларда грант беру жөніндегі комиссия отырыстарының барысы жергілікті Халықты жұмыспен қамту орталықтарының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілімі жүргенін айтты. Грант берудің екінші легі 15 мамырда басталып, 26 мамырға дейін өтінімдер қабылданды.

Түркістан: 2,5 пайызбен несие алатын жастар іріктеліп жатыр

2023 жылдың 22 мамырындағы мәліметке сүйенсек, өңір көлемінде 3862 жоба тіркелген.

Түркістан: 2,5 пайызбен несие алатын жастар іріктеліп жатыр

Мәжіліс барысында облыс әкімінің орынбасары жастарға арналған жеңілдетілген несие беру шараларын баяулатпай, сапалы әрі жедел орындау керектігін қатаң ескертті.
Ермек Кенжеханұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:
«Бұл мәселе облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламаларды жүргізуге селқос қарамай, басты назарда ұстаңыздар. Халық оның иигілігін көруі тиіс. Жастар арасында бағдарлама жөнінде толық ақпарат жетпейтіні байқалады. Өйткені басым бөлігі мал шаруашылығы бойынша жобаларын ұсынуда. Бізге басқа да кәсіп түрлерін өндіріп, қызмет көрсету саласын дамыту қажет. Жан-жақты ізденулері үшін жастарға бағыт-бағдар мен кеңес беріп көмектесіңіздер. Сенім білдірілген агент ретінде айқындалған «Аграрлық несие корпорациясы» өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқаруын жеке қадағалауыма аламын. Сондай-ақ грант алған азаматтар жобаларды мақсатына сай пайдалануына талдау жасау керек. Былтыр мұндай жағдайлар орын алып, тосқауыл қоя білдік. 2022 жылы кәсіпкер ретінде тіркелмеген 93 азаматтың қаржысы Заң аясында кері қайтарылды. Осы жұмыстар жалғасын табады».

Түркістан: 2,5 пайызбен несие алатын жастар іріктеліп жатыр

Биыл Түркістан облысының жастарына 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие үлестіру үшін мемлекеттен 2,9 млрд теңге бөлінген. Соңғы мәліметке сәйкес, бүгінге дейін 256 жас кеңес алуға келіп, оның 130-ы бизнес-жобасын ұсынған. Комиссия қарауына 105 жастың құжаты өткізіліп, 25-26 мамыр күндеріне жоспарланған комиссия отырысында олар өз жобаларын қорғайды.

Айдос Құсайынұлы

31 мамыр, 15:58
3683 Шумақ , 14732 жол. «Елім-ай» ән-дастанына 300 жыл
31 мамыр, 11:58
Ерболат Досаев: Мектептегі орын тапшылығы оңтайлы шешіледі
31 мамыр, 10:55
Манас Рамазанов: Инновациялық тәсілмен ота жасаймыз
30 мамыр, 20:01
Қазаққа қажет қағидат
30 мамыр, 19:24
АЭС: Таңдау кімге түседі?
29 мамыр, 0:06
Артықшылығы мол айналма жол
23 мамыр, 15:26
Жанат Айтпаева: Білімді көтеру – мемлекетті нығайту
23 мамыр, 14:32
Алматы: «Білім фестивалі» мамандық таңдауға жол ашты