jasqazaq.kz

Түркі мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері бас қосты

03 қараша 2023, 10:03

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер миинстрлері кеңесінің жабық отырысы өтіп жатыр.

Сыртқы істер миинстрлері кеңесінің отырысына ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің, байқаушы елдердің сыртқы істер министрлері және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Отырыстың ашылуында ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу түркиялық әріптесі Хакан Фиданды Түркия Республикасының 100 жылдығымен құттықтады.
Бауырлас түрік еліне үйлесімділік, прогресс және одан әрі өркендеу тіледі.
«ТМҰ мерейтойлық оныншы саммиті және министрлер кеңесінің Қазақстанда – түркі ата-бабаларының жерінде өтуінің символдық мәні бар. 1993 жылы шілдеде Түркітілдес мемлекеттердің алғашқы саммиті Қазақстанда өткен еді. Мемлекеттеріміздің басшылары бүгін Астана актісі мен Декларациясын қабылдап, ұйымымыз үшін жаңа тарауын ашу үшін жиналып отыр. Бұл көрнекті құжаттар біздің көшбасшыларымыздың түркі халықтарының ортақ тарихына, тіліне, мәдениетіне, дәстүрлері мен құндылықтарына негізделген жарқын болашаққа деген бірлескен көзқарасын айғақтайды», — деді Қазақстанның Сыртқы істер министрі.
Мұрат Нұртілеудің алғысөзінен кейін делегация басшылары алфавиттік тәртіпте мәлімдеме жасайды және ұйымға мүше мемлекеттер мен бақылаушылар атынан қатысатын әрбір спикерге сөз сөйлеу үшін 7 минут беріледі.
Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының басшылары мен ақсақалдар кеңесінің төрағасына 3 минут уақыт беріледі.
Отырыс сағат 10.00-де Түркі мемлекеттері ұйымының тиісті құжаттары мен шешімдерін қабылдаумен аяқталады деп жоспарланған.
Осыдан кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті бағдарламасына сәйкес, министрлер Ақорда сарайына барады.
Айта кетейік, 2021 жылғы 12 қарашада Ыстанбұлда өткен Түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі саммитінде Түркі кеңесінің атауы Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып өзгертілді.
Бүгін елордада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммиті өтеді.

Бұл жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ТМҰ-дағы бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысады.

Саммит «Түркі дәуірі» ұранымен өтетін жоғары деңгейдегі пікірталастар үшін маңызды алаң болады.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде