jasqazaq.kz

Түркі әлемінің бірлігі

13 маусым 2023, 11:22


Ұлттық кітапханасында ТҮРКСОЙДЫҢ 30 жылдығына арналған «Біз біргеміз» мерекелік іс-шаралары аясында «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БІРЛІГІ» атты кітап көрмесі өтті. Шараны алғашқы құттықтау сөзбен ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қырғызстанның халық жазушысы Раев Сұлтан Әкімұлы бастап, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, мәдениеттанушы Әуезов Мұрат Мұхтарұлы, белгілі жазушы, кинодраматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елубай Смағұл Абатұлы, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Еркінбаев Ержан Мәлікұлы сөз сөйледі. «Түркі әлемінің бірлігі» кітап көрмесін ашу үшін лента қию рәсіміне ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Раев Сұлтан Әкімұлы, мәдениеттанушы Әуезов Мұрат Мұхтарұлы, жазушы Елубай Смағұл Абатұлы, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Еркінбаев Ержан Мәлікұлы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы қатысты. Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасы Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Бекпулатова Айхан Құдайбергенқызы шолу жасап, таныстырды.


Көрменің ашылу салтанаты «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Асыл мұра» домбырашылар ансамблінің музыкалық сүйемелдеуімен өтті.
Шараға қазақтың белгілі жазушылар мен ақындары, зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары, кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Ұлттық кітапханасының Баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі