jasqazaq.kz

Тұрғынды азаптаған полицейлер сотталды

24 қараша 2023, 13:59



Атырауда жұмыс кабинетінде тұрғынды ұрып, тұншықтырған полицейлер сотталды. Атырау қаласының №2 сотында азаптау және азаптауға жәрдемдесу айыбымен 5 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Полиция қызметкерлері М., А. және Ж. жұмыс кабинетінде қылмысты ашу, полиция бөліміне жеткізілген азамат К.-ны ұрып-соғып, тұншықтырған. Сөйтіп, жәбірленушіге тән азабын келтірген. Сол қызметтік кабинетте болған С. мен Т. азаптауды тоқтатпай, әрекетсіздік таныту арқылы азаптауға жәрдемдескен», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, қалалық полиция бөлімі ғимаратынан алынған бейнежазбалармен, заттай дәлелдемелермен, сот-медициналық, сот-молекулярлық-генетикалық, сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалардың қорытындыларымен дәлелленген.

Сот сотталушылар М., А., Ж.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Азаптау) С. мен Т.-ны 28-бабының 5-бөлігі, 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Азаптауға көмектесу) кінәлі деп таныды.

Сотталушыларға құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан 3 жыл мерзімге, бас бостандығын 3 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі