jasqazaq.kz

Тұрғындардың тілегі орындалды

21 маусым 2023, 21:45

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Шымкент қаласында негізігі басым бағыттардың бірі. Президент өз Жолдауында «Тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасап, олардың проблемаларын шұғыл шешумен дәл осы әкімдіктер айналысады» деген болатын. Әкімдік бұл бағытта тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, кезең кезеңімен жүзеге асыру үстінде. Мәселен, Шымкент қаласы республикалық қала мәртебесін алған кезде негізгі проблеманың бірі- инфрақұрылым болды.

Бұл мәселе шаһарға инвестиция тартуға, туризмді дамытуға кедергісін келтірді. Мәселен, 2018 жылы ауыз су қуаттылығы тәулігіне 273 мың текше метр болса, халықтың қажеттілігі 323 мың текше метрді құрайтын. Электр энергиясында да осыған ұқсас мәселе, қала тұрғындары тәулігіне 330 мВт жарық қуатын қолданып келген. Ал, негізгі қажеттілік 455 мВт. Шымкент халқы 270 мың текше метр табиғи газ қажеттілігі болғанымен тәулігіне 180 текше метр газды тұтынып келді.

Мемлекет басшысының мегаполистерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шымкенттің инфрақұрылымын дамытуға 191 млрд теңге бағытталды. Оның 87 пайызы немесе 166 млрд теңгесі соңғы үш жылда бөлінді. Соның ішінде газдандыру саласында оң нәтижеге қол жетті. Жаңа АГРС салу арқылы, газ қуаттылығы тәулігіне 430 мың метр кубқа жетіп, 2030 жылға дейінгі табиғи газ мәселесі шешімін тапты.

Күні кеше Шымкентте Қала күні мерекесі қарсаңында Абай ауданына қарасты Тұрлан шағын ауданының Мориса Тореза көшесі бойында орналасқан 6 В үйіне табиғи газ берілді. Жатақхана статусы болған үйде тұрғындар ұзақ жылдар бойы пропан газын пайдаланып келген. Бұл қауіпсіздік талаптарына мүлдем сәйкес келмейді. Алайда, көпшілік басқа амалымыз болмады, дейді.

Меруерт Әмірсейітованың осында тұрып жатқанына 13 жылға жуықтапты. Бастапқыда баспаналы болғанына балаша қуанған ол, айналада бала-шаға көбейгеннен кейін бар қызық басталды, дейді. Айға жетпейтін балондарын арқалап көше кезген көршілер, кейде бір-біріне қарасып ас-ауқатты кезектесіп жасаған күндерінің болғанын айтады.

Жатақхана статусындағы бұл үйді табиғи газға қосуға о баста рұқсат етілмеген екен. Өйткені, асханасы мен мұржасы қарастырылмаған. Жекешелендірілгеннен кейін тұрғындар талай есікті қағып барғандарын айтады. Алайда, рұқсаттың жоқтығын алға тартып, қолдан келер шарамыз жоқ, деп шығарып салатын еді, дейді. Халықтың жанайқайына құлақ түрген аудандық әкімдік өткен жылы үй құжатын ретке келтіріп, демеушілердің есебінен жұмысты бастаған.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее