jasqazaq.kz

Тұрғындарды тақырға отырғызған

22 мамыр 2023, 12:06

Жетісу облысының тұрғындарын 24 млн теңгеге сан соқтырған алаяққа қатысты сот басталды. Бұл жөнінде Polisia.kz мәлім етті.
Қылмыстық іс материалдарында жәбірленуші ретінде 16 адам көрсетілген, олардың негізгі бөлігі 20-23 жас аралығындағы жергілікті жоғары оқу орындарында оқитын студенттер. «Талдықорған қалалық полициясының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйелді өткен жылдың соңында ұстаған. Оған қатысты «ешқайда кетпеу» және «өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу» бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу материалдарына сәйкес, дәлелденген дерек бойынша жәбірленушілерге келтірілген залал 24 млн теңгеден асты. Ақшалай немесе тауарлық несиелер микрокредиттік ұйымдар мен екінші деңгейлі банктер арқылы ресімделген. Осы фактіге қатысты қоғамның наразылығын ескере отырып, қылмыстық істі тергеу облыстық полиция мен қадағалау органының ерекше бақылауында болды. Істі сотқа жібергеннен кейін жәбірленушілер қоғам наразылығына ілінген істі тергеп-тексеруде объективтілік танытқаны үшін тергеуші Надия Нұралиноваға алғысын білдірді» деп жазды Талдықорған қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі. Күдіктінің іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша (Алаяқтық) сараланып отыр. Сот үкімі шыққан жоқ. Дегенмен, күдіктінің құрбандары қысқа мерзімде дәлелдер жинап, істі Фемида өкілдерінің қарауына жіберген қалалық полиция тергеушісіне алғыс білдірді. «Осы фактіге қатысты қоғамның наразылығын ескере отырып, қылмыстық істі тергеу облыстық полиция мен қадағалау органының ерекше бақылауында болды. Істі сотқа жібергеннен кейін жәбірленушілер қоғам наразылығына ілінген істі тергеп-тексеруде объективтілік танытқаны үшін тергеуші Надия Нұралиноваға алғысын білдірді», – деді Талдықорған қаласы ПБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

JQ-Aqparat

22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында