jasqazaq.kz

Тұрғындар 65 дана заңсыз қаруды тапсырды

02 мамыр 2023, 15:04

Абай облысының тұрғындары полицияға 65 дана заңсыз сақталған қару түрлерін тапсырған. Мұны өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Абай облысында қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде өткізу акциясы 10 сәуірде басталған болатын. Заң шеңберінде кез келген азамат ішкі істер органдарының бөлімшесіне жүгініп, заңсыз сақтап келген қару-жарағын тапсыра алады. Ол үшін ақшалай сыйақы қарастырылған. Сәуір айының соңында полицияға облыс тұрғыны келіп, сатып алған үйінің жазғы ас бөлмесінен қаруға ұқсас затты тапқанын хабарлаған. Полицейлерге қару табылған жерді көрсетіп, өз еркімен тапсырған. Тиісті сараптамалар жасалғаннан кейін әйелге ақшалай төлем жүргізілген.

«Акция басталғаннан қазіргі уақытқа дейін жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асатын 65 бірлік тіркелмеген қару қабылданды. Түрі мен санатына қарай бір қару бірлігі үшін төлем сомасы – 10-нан 100 АЕК-ке, яғни 34 500-ден 345 000 мың теңгеге дейін», — дейді Абай облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Рифхат Тауфиков.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі