jasqazaq.kz

Тұрғын алаптарда орналасқан үш мәдениет үйі мен бір клуб жаңарды

24 мамыр 2023, 20:17

Қалған мәдениет үйлері мен клубтарда жөндеу жұмыстары жоспарға қойылып, ретімен іске асуда.

«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы мерекелік іс-шаралардан бөлек түрлі бағытта қызмет атқарады. Атап айтсақ, «Мәдени және бос уақытты өткізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру», «Би ұжымы», «Эстрада және дәстүрлі әртістер ұжымы», «Оркестр ұжымы» және «Шаруашылық-техникалық қамтамасыз ету» бөлімдері үздіксіз жұмыс жүргізуде.

Ал осы қалалық мәдениет үйіне қарасты тұрғын алабтарда 5 мәдениет үйі мен 5 клуб бар. Атап айтқанда Қызылжар, Жаңаталап, Сайрам, Шапырашты, Қазығұрт тұрғын алабтарында 5 мәдениет үйі, сондай-ақ, Ақжар, Қайнарбұлақ, Көкбұлақ, Қаратөбе, Өтеміс тұрғын алаптарындағы 5 клуб халық игілігіне қызмет жасап жүр.

Мәдени нысандардың басты қызметі — талантты жастардың өнерін дамытып, оларға қолдау көрсету, қабілеті мен қызығушылығын арттыру, халыққа сапалы мәдени қызмет көрсету, ұлттық құндылықтарымызды сақтау және насихаттау. Бұдан бөлек, нысандарда түрлі үйірмелер ашылып, талантты балалардың өнерін шыңдап, болашағына қанат бітіруде.

Бүгінде біршама мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткен. Нақтырақ айтсақ, “Жаңаталап”, “Сайрам”, “Шапырашты” мәдениет үйлері мен “Ақжар” клубы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа ғимаратта түрлі мерекелік іс-шаралар өтіп келеді. Қалған мәдениет үйлері мен клубтарда жөндеу жұмыстары жоспарға қойылып, ретімен іске асуда.
Бүгіндері қаламыздың мәдениет саласындағы 21 мекемеде 2000-ға жуық маман ұлттың рухани және мәдени интеллектуалдық деңгейін көтеруге, халқымыздың салт-дәстүрлерін сақтауда бар күш-жігерлерін жұмылдырып қызмет етіп келеді.

Айта кетейік, 2023-2024 жылдар аралығында Абай ауданын төрт мәдени нысанмен толықтыру жоспарланған. Атап айтқанда, «Шымсити» шағын ауданындағы «Конгресс холл», Көкбұлақ тұрғын алабыдағы «Көкбұлақ» мәдениет үйі, Қайнарбұлақ тұрғын алабының мәдениет үйі және Асар-2 шағын ауданында мәдениет үйін салу үшін жер телімі қарастырылуда.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде