jasqazaq.kz

Тұрар Ыдырысов: Әкем өмірден өткенде, бірден есейіп кеттім

15 қыркүйек 2023, 10:22


Әнші Тұрар Ыдырысов отандық бағдарламада сұхбат берген кезінде өміріндегі әсерлі сәтімен бөлісті.
“2020 жылы отбасымды Алматыға көшіріп алдым. Алматының сырт жағынан үлкен үй алдық. Әкемді Алматыға көшіріп әкеп, ол кісі осы жақта қайтыс болды. Үлгердім ғой. Бір үлгерген нәрсем болды. Әкеме 2018 жылы диагноз қойылды. 2019 жылы Алматыға келдік. Үй жоқ, ала салатын жағдай да жоқ. Пәтер жалдап, әпкелерімнің үйінде жүрдік. Сөйтіп 2021 жылдың басында үй алдым. Әкемнің денсаулығы нашарлай бастады. Әкем жап-жақсы жүрді, бірақ кейде есін жоғалтып алатын. Сол кезде әкем үйге келді, үлкен үй алдық қуанды. Үйдің сыртына шығып жүретін болды. Кейін жүре алмай қалды. Бір күні жанында жатсам, ұйқысынан ояна салып «Біз қайдамыз?» деді. «Үйдеміз, папа. Өзіміздің үйдеміз» дедім. Әкем «Уфф» деді. Сол сәт өзімді мақтаған кезім. Әттеген-ай бар ғой, әрине. Әкем өмірден өткенде, бірден есейіп кеттім. Шешуші сәтте отбасыма өзім жауапты екенімді түсіндім”, – дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі