jasqazaq.kz

Тұран шағынауданында кәріз жүйесін тарту құрылысы қарқынды

19 шiлде 2023, 13:09

Шымкент қаласында 81 шағынауданның 24-і немесе 713,5 мың халық кәріз жүйесімен қамтылған. Осы жылы 11 нысанда құрылыс жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 4,8 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат 2 магистральды кәріз коллекторы мен 9 ішкі орамдық жүйенің құрылысына бағытталады.

Қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасының дерегінше, 2023 жылдың соңына дейін 6 нысанда, яғни Мирас, Шапағат-2, Тассай, Тұран (ішкі жүйе), Қайтпас-2, 112 орам және Бозарық секілді елді мекендердің құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде 60 мыңға жуық адам орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады.

Орталықтандырылған кәріз жүйесінде тазалау мен сорғы станцияның маңызы орасан. Қаланың оңтүстік пен солтүстік бөлігін кәрізбен қамтудың 2022-2025 жылдарына арналған жоспарына сәйкес кәріз тазалау станциясы мен сорғы станциясының коллекторлары және елді мекендерде ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспары бар. Бұл жұмыстар аяқталса, 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек.

Қазіргі сәтте кәріз құрылысы қызу жүріп жатқан аумақтың бірі – Тұран шағынауданы. Мұнда ішкі жүйелер мен кәріз тазарту мен кәріздік коллектор салынып жатыр. Жұмыстар осы жылдың мамырында «Сарағаш Аман» мердігер мекемесің тарапынан басталған. Инфрақұрылымды дамыту басқармасының хабарлауынша кәріз тазалау мен коллектор станциясы 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, 18 мыңға жуық халқы бар Нұртас шағынауданын да орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін жалпы ұзындығы 62,6 шақырым құбыр жүргізіліп жатыр. Мердігер компания «Тараз Строй – 2004» бүгінде жұмыстың жартысына жуығын атқарып үлгеріпті. Нысан құрылысының жұмысына 50 маман және 10 арнайы техника тартылған.

Биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60%-дан 65 %-ға артатын болады. Мирас-Шапағат-2 нысанында жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі. Осыған дейін жұмыстардың 69% аяқталған. Жалпы 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталатын болады.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее