jasqazaq.kz

Тұран ауданындағы 20-дан астам көше жарықтандырылады

13 мамыр 2023, 22:45

Қазіргі таңда 9 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Биыл Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай шағынауданында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға басымдылық беріледі. Бұл туралы Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков атап өтті.

– Биыл Құрсай елді мекеніне баса назар аударып отырмыз. 2023 жылы елді мекенде 40 көшеге шағал тас, 13 көшеге асфальт төселеді. 5 балалар ойын алаңшасы, 3 спорт алаңшасы салынады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында биыл 22 көшені жарықтандырамыз. Қазіргі таңда 9 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жалпы ауданда 10 спорт алаңша, 13 балалар ойын алаңшасының құрылысы жүргізіледі, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, аудан аумағында Құлантөбе көшесінде Бәйдібек би даңғылы, № 246 үйдің ауласында балалар ойын алаңшаларының құрылысы бастау алды. Ол нысандар биыл тамыз айында пайдалануға беріледі. Одан бөлек, Тұран ауданы Құрсай шағынауданында тәулігіне 450 адамды қабылдайтын жаңа емхана құрылысы қызу жүріп жатыр. Нысан құрылысы 100 пайыз жеке инвестиция есебінен салынып жатыр. Бас мердігер – «Hi-tech building» ЖШС. Жеке инвестор Балтабай Асанов жаңа нысанды 2024 жылдың I тоқсанында тапсыру жоспарда екенін мәлімдеді. Айта кетейік, биыл Құрсай елдімекені сапалы ауыз сумен толық қамтылады. Тұран ауданы аумағындағы Құрсай елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарының 2-кезеңі 2021 жылы басталған. Бүгінге дейін ұзындығы 151 шақырым су құбырының 92%-ы тартылған. Биылғы маусым айында қолданысқа берілетін нысан шағынаудандағы 22 мыңнан астам абонентті сапалы тіршілік нәрімен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 99,5% құрап отыр. Сонымен қатар, қазіргі таңда Құрсай елдімекенін табиғи газбен және жарықпен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жыл соңына дейін басталатын құрылыс жұмыстарын алдағы жылы аяқтау жоспарлануда.

Мерей Әлімбек

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді