jasqazaq.kz

Тұрақтылық — мемлекет дамуының кепілі

03 мамыр 2023, 12:08

Мінбер

Тұрақтылық мемлекет қабылдаған сындарлы саяси реформаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Біз «бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды» дейміз. Әрине, бұл – дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл – мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі», — деді.

ХХІ ғасыр — технологиялық прогресс дәуірі. Әр адам ақпаратты дүниенің қай бұрышында да тұтыну мүмкіндігіне ие болды. Қазір ақпараттық соғыс әлеуметтік желілердің арқасында күшейіп отырғаны да рас. Елдің ішкі тұрақтылығын бұзуға ұмтылған бөгде мақсаттағы топтар көбінесе әлеуметтік желілерді пайдаланады. Жоғары технологиялар әлемнің кез-келген нүктесінен шалғайдағы ауыл тұрғындарына тікелей әсер ету мүмкіндігін беріп отыр. Керісінше, ең шалғай аумақтағы адамдар өз дауысын бүкіл ғаламға жеткізуге мүмкіндігі бар.
Қазір кез-келген аумақтағы, ауылдағы этникааралық шағын түсініспеушіліктер тіпті мемлекетаралық үлкен қақтығыстарға әкелетінін әлемдегі геосаяси жағдайлар көрсетіп отыр.
Сондықтан Мемлекет басшысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының еліміздің әр өңірінде жұмыс істеуін шегелеп айту себебін түйсінуіміз керек.
Астанада Мемлекет басшысы атап өткен мәселелердің ең шалғай ауыл тұрғынына дейін дұрыс түсіндіруіміз маңызды.

Қазақстанның көк паспортының иесі жер шарының кез-келген түкпірінде қазақ деп қабылданатынына куә болып жүрміз.

Бұл орайда Президент: «Біздің көк паспортымыз бен көк байрағымыз – тарихымызбен астасқан және миллиондаған адамның жүрегінен орын алған бірегейлігіміздің нағыз символы. Біздің паспортымыз этникалық шығу тегіне, діни ұстанымына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, адамды Қазақстан Республикасының азаматына тиесілі құқықтармен және міндеттермен толық қамтамасыз етеді. Біздің паспортымызды иелену халықаралық аренада беделді елдің азаматы болу және дүниежүзін кедергісіз шарлауға мүмкіндік алу, өзіңді қазіргі әлемнің ажырамас бөлшегі ретінде сезіну дегенді білдіреді. Демек бұл – азаматтарымыз әрдайым және барлық жерде өз мемлекетінің қорғауында болады деген сөз», — деді.
Мемлекет басшысы Ассамблея туралы соңғы жылдары қоғамда айтылып жүрген жел сөзді тоқтатты десе болады. Бұл қоғамдық институт ел келешегіне белсенді қызмет етіп, еліміздің ұйыстыруы керек.

Дүниежүзілік дүмпулер мен саяси оқиғалардың шиеленіскен кезінде ішкі тұрақтылықты сақтау — өзекті мәселе. Мемлекет тұрақтылығы үшін бейбітшілік пен өзара үндестіктің маңызы зор. Ассамблея да бірлігіміз бен татулығымызға сына қаққысы келетін кез келген арандатушылық алдын алатын, тосқауыл қоятындай әлеуеті болу керек.
Мемлекеттің мызғымас тәуелсіздігін түртуге ұмтылып, теріс пиғыл танытатын экстремизм және сепаратизм сипатындағы әрекеттердің алдын алу міндет. Әрбір азамат мемлекет алдындағы жауапкершілік жүгін сезініп, еліміздің бірлігі мен құндылықтарын қорғауы тиіс. Сондықтан қасиетті Отанымыздың аумақтық қауіпсіздігі мен тұрақтылығы ең бірінші орында екенін сезіну — әр саналы азамат парызы. Этникалық топтардың өзара түсінік пен үйлесімді қарым-қатынастар жүйесін құруы елдігімізді бекемдейді.
Этникалық түсініспеушіліктер туындамауы үшін әр ауылдық аймақта ақпараттық-түсіндірме жұмыстар жүйелі түрде, белсенді түрде жүргізілуі тиіс. Мемлекеттің бұл бағытта этносаралық қатынастар саласындағы саясатын түсіндіру маңызды.

Барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жүйелі қадамдар жасалуы уақыт оздырмай шешетін мәселе.

Этносаясат мемлекетіміздің негізгі басымдықтарына сәйкес болып, тиімділігін арттыруға жүйелі түрде талдау жүргізілуі маңызды. Осы бағытта ғылыми зерттеу жұмыстарына да мән берген жөн.

Біз іргелі басымдықтарымыз бен құндылықтарымызды сақтауымыз керек. Әділетті Қазақстан мен әділетті қоғам құру жолындағы жұмыстарымыз өз жалғасын тауып, Отанымыз өркендей берсін.

Мемлекетіміздің мүддесі үшін адал қызмет ету – баршамыздың ортақ парызымыз. Еліміздің бірлігі нығая берсін.

Бибігүл Жексенбай,
Сенат депутаты

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата