jasqazaq.kz

«Тыныштық бермейді»: Павлодарда енесінің үстінен арызданған күйеу бала 10 күнге қамауға алынды

06 қантар 2025, 12:12

Павлодарда тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермейді деп енесіне арызданған ер адам 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды jasqazaq.kz

Polisia.kz хабарлауынша, ер адам полицияға енесінің үстінен бірінші арызданған. Алайда соңында өзі жауапкершілікке тартылды. Оқиға бойынша отбасы күндіз үйде қонақтармен жиналып, жаңа жылдық мерекені атап өткен.

Оқиға барысына үңілсек, күндіз үйде туыстар жиналып, мерекелік отырыс ұйымдастырылған. Дастарқан басында тұрмыстық жағдайларға байланысты сөзге келіспеушілік орын алып, арты жанжалға ұласқан. Осы жағдайға байланысты үйдің иесі, әйел адам, күйеу баласының әдепсіз мінез-құлқын айтып, оның балағат сөздер айтып, физикалық зорлық-зомбылықпен қорқытқанын жеткізді. Өз кезегінде күйеу бала қайын енесін барлық сәтсіздіктеріне айыптап, керісінше, өзін жәбірленуші ретінде көрсетуге тырысқан. Тәртіп сақшылары жанжалға қатысушылардың барлығын тыңдап, қонақтардың куәлігі бойынша жанжалдың басты кінәгері күйеу бала екенін анықтады. Ол мас күйінде тәртіп бұзып, жақындарына тыныштық бермеген.

«– Барлық дәлелдерді ескерген полиция қызметкерлері ер адамның отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы заңсыз әрекеттері үшін жауапқа тартты. Материал сотқа жіберіліп, сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Айта кетерлігі, жыл басынан бері Павлодар облысында тұрмыстық құқық бұзушылықтары үшін 25 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі».

Полиция әр құқық бұзушы өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапқа тартылатынын еске салады.

 

 

24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты