jasqazaq.kz

Тұңғышбай Жаманқұлов шәкірті Ерлан Біләлді әлі кешіре алмай жүр

08 сәуiр 2023, 11:47


Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың өзіне сатқындық жасаған шәкіртіне ренжулі.
Отандық бағдарламаның біріне сұхбат берген өнер иесіне: “Сізге сатқындық жасағандар көп. Солардың арасынан кімді кешіре алмай жүрсіз?” деген сауалға актер: “Менің үстімнен арыз жазып, қол қойғандар менің алдыма келіп кешірім сұрамаса да, “білмей қалдық” дегендер болды. Мен оған еш ренжімеймін. Сатып кеткен үлкендерді айтпай-ақ қояйын. Өзімнің шәкіртім Ерлан Біләлді кешіре алмай жүрмін. Өйткені атышулы министрдің (Арыстанбек Мұхамедиұлы) айтқанын істеп, жігіттікке жатпайтын іс қылды. Мен ит те болса ұстаздың алдын кесуге болмайды деп есептеймін. Сондықтан оның сатқындығын кешіре алмаймын. Алдыма келіп кешірім сұраған жоқ. “Алдыңа келсе атаңның құнын кеш” дейді ғой. Солай болған жағдайда, қатып қалған қағида жоқ. Бірақ жүрекке сызат түсіру оңай дүние емес, жазылуы да қиын. Жүректің тыртығы мәңгі бақи сыздап тұрады», -деп жауап берді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі