jasqazaq.kz

«Тұмар» — 2025 ұлттық телевизиялық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

14 мамыр 2025, 14:06

Бүгін, 14 мамырдан бастап «Тұмар» — 2025 ұлттық телевизиялық сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Бұл бәйге 2017 жылы мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылып, содан бері отандық телевизия саласындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, осы уақыт ішінде сыйлыққа 2200-ден астам өтінім қабылданып, 354 жоба номинант атанған. Ал 98 жеңімпаз «Тұмар» мүсіншесіне иеленді.

Биылғы бәйгеге 2024 жылғы 13 мамыр мен 2025 жылғы 14 мамыр аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде көрсетілген жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және өңірлік телеарналар, телестудиялар мен кәсіби телевизиялық контент өндіруші компаниялар ұсынуға құқылы.
Өтінімдер келесі номинациялар бойынша қабылданады:
— Ең үздік әлеуметтік тележоба
— Жылдың ең үздік репортажы
— Ең үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама
— Ең үздік журналистік зерттеу
— Жылдың ең үздік телехикаясы
— Ең үздік деректі фильм
— Ең үздік балалар тележобасы
— Ең үздік өңірлік телеарна
— Ең үздік тележурналист — Ең үздік тележүргізуші — Ең үздік спорт комментаторы.

Өтінімдер 2025 жылғы 9 маусымға дейін қабылданады. Толық ақпаратты tvtumar.kzресми сайтынан білуге болады.

JQ-Aqparat

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды