jasqazaq.kz

Тұқым себу науқанында дизельдің бағасы қымбаттамайды

26 наурыз 2024, 11:14

Бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев шаруаларды арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады.

Министр жыл басында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілгенін хабарлады. Бұл ретте баға 2023 жылдың деңгейінде барлық 20 өңірде – бір литрі 250 теңге деңгейінде қалды. Бұл бөлшек саудадан 15%-ға немесе 45 теңге/литрге төмен.

Егіс науқаны кезінде дизель отынының қозғалысын бақылау мен ашықтықты қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданды. Олардың қатарында:

— ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алу;
— дизель отынын сары, көк және қызыл түске бояу;
— ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операторларының ЭШФ АЖ жүйесінде АШТӨ дизель отыны үшін жеке виртуалды қойма құруы.

«Ақпан-наурыз айларында 50,1 мың тоннаның 27 мың тоннасы немесе 55%-ы жөнелтілді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы министрлігіне 35,8 мың тонна дизель отынын қосымша жеткізуге өтінім жолданды. Іріктеу фактісінің 55%-дан аспайтынын және 2023 жылғы күзгі дала жұмыстары қалдықтарын ескере отырып, ЭМ-гі АШМ-мен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын тиеп-жөнелтудің оңтайлы кестесін айқындайды. Ол бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бағытталған және тұрақты бақылауда», — деді министр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
Бүгін, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
Бүгін, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды