jasqazaq.kz

Туризм бізде қашан дамиды?

26 қыркүйек 2023, 13:11

Бәріне ортақ журналистика Jas Qazaq пен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр.
Курсқа қатысушы Ринат Қасымов еліміздегі туризм мәселесіне қатысты өз ойымен бөлісті.

Біздің елімізде туризмді дамытуға болатын көрікті жерлері өте көп. Еліміздің әр аймағы өзіндік ерекшеліктерімен көз тартады. Бір ғана Алматы облысының өзінде Көлсай, Шарын шатқалы, Қайыңды сынды керемет жерлер бар. Өзім де осы облыстың тумасы болғаннан кейін, туған өлкеміздегі туризмнің дамығанын қалаймын. Жақында алыстан туыстарымыз келіп, көрікті Көлсайды көрсетейік деп, көлге қарай бет алдық. Сенбі күні болғандықтан ба, адам да, адам тасыған көлік пен автобус та көп. Шетелдік туристер де көп келіпті. Сұлу табиғатқа тамсанып, суретке түсіріп жүр. Бұрынғыға қарағанда, көлдің маңайында демалатын орындар мен кафеге толыпты. Бірақ көңілімізді түсіргені, қызмет көрсету құны өте қымбат. Жәй ғана ішетін бір стакан шәй мен дайын кофені суға араластырып бергендерінің өзі удай. Бір стакан шәй 600-700 теңге дейді.
Біз көлге жақындай бергенде жауын себеледі. Жергілікті тұрғындар жауыннан қорғанатын целлофан жамылғыны 1500 теңгеден сатып жүр. Қарап тұрсаң, базардағы бағасы — ары кетсе 150-200 теңге. Қазақ үйлерді жалға алу тәулігіне 30-40 мың теңгеден жоғары екен. Ал оған ас мәзірі қосылса, қосымша ақша төленеді. Қазақтың ұлттық киімдерін киіп суретке түсу де 1000 теңгеден жоғары, атқа мініп серуендеу мен қайыққа атыру 5-6 мың теңгеден жоғары. Ақшасын төлесең ғана қызмет көрсетеді, жай ғана адамға жымиып, шын көңілімен қызмет ұсыну жоқ. Тым болмаса, ұлттық киімдерді тегін етіп, келген туристерді ары-бері суретке түсіруге не кедергі? Біздің әдемі шапандарымыз мен көйлектерімізді еліне барғанда мақтана айтып жүрмей ме.
Меніңше, туризмді дамытамыз деп жекелеген адамдардың бизнесі дамып жатқан сияқты. Дегенмен де бізге әлі де болса қызмет сапасын жақсартуға жұмыс істеуіміз керек. Біздің елге келген турист екінші рет келетіндей жағдай жасау керек.

Ринат Қасымов,
курсқа қатысушы

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі