jasqazaq.kz

Туберкулезбен тіркелгені 20 мың. Тіркелмегені қанша?

26 қыркүйек 2016, 13:32

1070102Қазақстанда 22 мыңнан астам адам өкпе ауыры бойынша тізімде тұр. Мұндай мәліметті бүгін Алматыда өтіп жатқан халықаралық конференцияда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова келтірді.

Жиынға қатысушылар өкпе дерті әлемде, соның ішінде Еуро-Азия аймақтарында күрделі мәселе болып отырғанын айтты.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын 8,5 млн адам «құрт ауруына» шалдығады және жыл сайын 1,3  млн адам осы аурудан көз жұмады.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, мемлекет қамқорлығымен Қазақстанда аталған дертке қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың арқасында соңғы 10 жылда еліміздегі туберкулез ауруына шалдығатындар саны 2,2 есе азайып, өлім шығын 5 есеге кеміген.

«Біз бұл дерттің таралу аумағын тарылттық. Бірақ, толығымен жойдық деп айта алмаймыз. Қазақстанда 22 мыңнан астам адам туберкулез бойынша тіркеуде тұр. Бұл сұрақты біз ҚР Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде талқыладық. Тоқсан сайын бұл мәселе туралы есеп беріп отырамыз. ДДҰ әлемде бұл аурумен күресіп қана қоймай, оны тамырымен жою туралы міндет қойып отыр. Бұл оңай тапсырма емес деп ойлаймын», — деді министр.

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде