jasqazaq.kz

Цифрлық платформа: елдегі кітап қоры бәрімізге қолжетімді болады

04 қантар 2024, 12:22

Елімізде кітапханалардың бірыңғай цифрлық платформасы пилоттық режимде іске қосылады.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, вице-премьер Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте электрондық кітапхана жүйесінің дамуы талқыланды. Жиынға мәдениет және ақпарат, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері, Ұлттық академиялық кітапхананың өкілдері қатысты.

Елімізде 11 мыңнан аса кітапхана түрлі ақпараттық жүйелер мен каталогтарды қолданып келеді. Еліміздегі кітап қорын жүйелеу үшін бірыңғай автоматтандырылған платформа жасақтау жұмысы басталды. Мамандардың сөзінше, оның арқасында оқырмандар қажетті кітапты немесе оның электронды нұсқасын оңай таба алады. Жүйені енгізу аясында барлық кітапханаға кіру мүмкіндігі қарастырылған бірыңғай электронды оқырман билеті әзірленеді. Қолданушылар электронды үкімет порталы арқылы тіркеліп, билетке қол жеткізбек.

Платформада кітап қорын онлайн толықтыру функциясы қарастырылған. Оны жеке баспалар да пайдалана алады: жарық көрген жаңа туындылар жүйеге енгізіліп, ақылы жазылушыларға қолжетімді болмақ. Осылайша жеке баспалар мен авторлардың мүдделерін қорғау жоспарланған.

«Біз елдегі баспалар өкілдерімен кездесіп, кітаптарды жариялау тәртібін түсіндірдік. Олар ұсынылған шарттарға келісім берді», — деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев.
Платформаны пилоттық режимде 2024 жылы іске қосу жоспарланған. Бастапқыда ол ірі кітапханалар базасында жұмыс істей бастайды.

«Цифрлық платформа еліміздегі барлық кітап қоры азаматтарға қолжетімді болуы үшін әзірленіп отыр. Сондықтан ең алдымен электронды нұсқаға 10 ірі кітапхана өтеді. Ал қалғандары сәйкестендіру жұмыстарын қолға алуы керек. Кітап қоры толықтай сәйкес келген жағдайда кітапханалар оқырманға арналған іздеу бағдарламасын бейімдеуі тиіс», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі