jasqazaq.kz

Цифрлық даму министрлігі газет-журнал тарату қызметін басқа министрлікке бермекші

04 желтоқсан 2024, 11:08

Мәжілісте «Қазпошта» қызметін дамытуға арналған заң жобасы талқыланып жатыр. Іс-шара кезінде газет-журналдарды тарату субсидиясының күрт қысқарғаны белгілі болды. 

Inform.kz хабарлағандай, депутат Аманжол Әлтай «Қазпоштаның» басылымдарды жеткізу шығынын субсидиялау функциясын Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіне беру туралы мәселе көтерді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.

«Бұрын біздің министрлік Мәдениет министрлігімен біріктірілген болатын. Бір министрлік болғандықтан субсидияны бірден бердік. Қазір екі министрлік бөлек-бөлек шықтық. Сондықтан осы басылымдарды тарату қызметтерін негізінде Мәдениет және ақпарат министрлігі өзіне алу керек. Мен солай ойлаймын», — деді вице министр.

Оның сөзінше, соңғы бір жылда газет-журнал тасымалының субсидиясы 3 есе қысқарып қалған.

«Біз жыл сайын бюджеттен 10 млрд теңгедей қаражат алатынбыз. Оны түгел субсидияға береміз. Бірақ биыл бізге 3 млрд теңге ғана берілді. Яғни, басылымдарды жеткізу субсидиясының көлемі бізге байланысты емес», — деді Асхат Оразбек.

Фото ашық дереккөзден

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі